Қуырдақ

Қуырдақ — өте танымал және бәріміздің сүйіп жейтін тағамдарымыздың бірі. Бүгін бізбен бірге осы дәмді тағамды дайындап көріңіздер.

Сізге керек:

– құйрық майы
– ет
– өкпе
– жүрек
– бауыр
– қарын
– ішек
– пияз
– тұз
– бұрыш
– көк пияз

Дайындау жолы:

Қарын, ішек, бауыр, өкпе т.б алдын ала тазартып, жуыпалыңыз. Қазанға аз ғана сұйық май құйып, қыздырыңыз. Туралған өкпе мен май қосыңыз да 10 минут қуырыңыз. Туралған жүрек пен ет қосып, тағы да 10 минут қуырыңыз. Сонан соң қарын мен ішектерді қосып 30 минуттай пісіріңіз. Келесі қосатыныңыз төртбұрыштап кесiлген бауыр. Егер ет бұрын тұздалмаған болса, тұздап, бұрыш салыңыз.

Пиязды көбірек турап, қосыңыз.

Картопты майдалап турап пияздың үстіне қойып, ал картоптың үстін шикі пиязбен жабыңыз.

Қуырдақтың ортасына сәл жетпейтіндей етіп су немесе сорпа құйыңыз.

Астындағы отты жай қойып, қуырдақ дайын болғанға дейін пісіріңіз.

Дастарханға ұсынар алдында майдалап туралған көк пияздан себіңіз.

Ас болсын!

Дайындаған https://aspazdik.wordpress.com

Қуырдақ дайындаудың тағы бір жолын мына видеодан тамашалаңыздар:

1329
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *