Саналы 25 күн

Өміріңізде  саналы бес күн, саналы 25 күн т.с.с. болды ма? санап көрдіңіз бе?

Саналы әрекет ету, саналы өмір сүру, жалпы саналылық — қазіргі психологиядағы ұғым; ағымдағы тәжірибені үздіксіз қадағалау, яғни субъектінің өткен немесе болашақтағы оқиғалар туралы ойларға араласпай, қазіргі сәт тәжірибесіне назар аударатын күйі ретінде анықталады. Бұл сананың өз іс-әрекетін интроспекциялау қабілеті (анықтама Уикипедиядан алынған).

Өзіңізді тексеру үшін, мына тізімдегі әрбір істі бір күнге жоспарлап, саналы өміріңіздің алғашқы қадамдарын жасап көріңіз. Сонымен:

  1. Өз өміріңді бес жылдан кейін қандай болатынын елестетіп, қағазға жазып қой.
  2. Электронды құрылғыларсыз бір сағат серуенде.
  3. Қыңқылдап, наразылық көрсетпей бір күн өткіз.
  4. Әлеуметтік желіліердегі «достарыңның» тізімін тазарт.
  5. Бір уақытта бір істі ештеңеге алаңдамай істе.
  6. Жеген тамағыңның дәмін сезін.
  7. Ұйқы алдында бір сағат бұрын барлық электронды құрылғылардан бас тарт.
  8. Өз өзіңмен бір күн өткіз.
  9. Айналаңдағы адамдарға алғыс айт.
  10. Он бес минут медитация жаса.
  11. Соңғы бір ай бойы сатып алған заттарыңды бағала, олардың қажеті болды ма?
  12. Өз әдеттеріңнін тізімін жазып қой.
  13. Барлық келетін хабарландыруларды (фейсбук ескертпесі, жаңа қоңырау не смс келгені, ютубта жаңа видео салынғаны т.с.с.) өшіріп қой.
  14. Әр айтар сөзіңді ойланып айт.
  15. Үйдің ішін жина.
  16. Өз мақсаттарың мен құндылықтарыңды жазып қой.
  17. Бір күн ішінде жасаған жұмысыңа кеткен уақытты белгілеп, жазып қой.
  18. Басқа адамдардың өтінішін қаншама жиі орындайтыныңды байқа, неге осылай істейтінің туралы ойлан.
  19. Өзіңді ызаландыратын, ашуландыратын, ұнамайтын нәрселердің тізімін жазып қой.
  20. Жиырма төрт сағат бойы ешнәрсе сатып алма.
  21. Бір күн оффлайн бол.
  22. Жақындарыңа оларды қаншама жақсы көретініңді айт.
  23. Бір жылға арналған мақсаттарыңды жазып қой.
  24. Жиырма минутқа таймерді қойып, осы уақыт ішінде басыңа келген барлық ойларды жазып ал.
  25. Өзіңе ұнамайтын немесе кимейтін киімдерді таратып бер немесе тапсыр.

Өз тарапыңыздан қосатын әрекеттер бар ма? Пікірге ойыңызды жазып, тәжірибеңізді айта отырыңыз.

500
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *