Рид Хастингс

Рид Хастингс — америкалық кәсіпкер, әлем бойынша  миллиондаған жазылушысы бар Netflix ғаламдық теледидар желісінің негізін қалаушы және бас директоры.

Хастингс 1997 жылы Марк Рэндольфпен бірге Netflix негізін қалады. Бұл бастапқыда пошта арқылы DVD жалға беретін компания болды. 2007 жылдан бастап Netflix бірте-бірте өз қамтуын кеңейтіп (Канада, Австралия, Жаңа Зеландия, Жапония), ағындық хабар тарату саласында дамуды бастады. Қазір бұл қызмет әлемнің барлық дерлік елдерінде, соның ішінде Қазақстанда да қолжетімді.

Хастингс ірі компанияның біз білетін, әдеттегі бас директорларға ұқсамайды. Оның тіпті жеке кеңсесі де жоқ, жұмыстың көбін смартфон арқылы жасайды.

Соған қарамастан «корпоративтік мәдениет» деген сөзтіркесі ол үшін бос сөз емес. Көптеген менеджмент ұстаздары мен инвесторлар HR саласындағы үлгі ретінде қарастыратын қызметкерлердің атышулы тұсаукесерінде Хастингс Netflix мәдениетінің жеті аспектілері туралы айтады. Алғашқы қатарда ол құндылықтарды атайды.

«Компанияның шынайы құндылықтары – қызметкерлердің бойындағы жоғары бағаланатын мінез-құлық пен дағдылары», — дейді Хастингс.

Ол сондай-ақ бақылаудың орнына, еркіндік пен жауапкершілік туралы айтады. Хастингс Netflix қызметкерлері «тығыз және еркін байланысқан», олар «нарықпен салыстырғандда жоғары» жалақы алады және мансап пен даму мүмкіндіктеріне ие деп санайды. Ол «Біз өскен сайын өз мәдениетімізді жетілдіреміз. Біз барған сайын жоғары жетістіктерге жетуге тырысамыз », — деп түйіндейді.

569
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *