App Store-дағы қазақша қосымшалар туралы жазғанмын және осы сайтта біразын жинақтап қойғанмын.

Енді мына екі қосымша өзіме қатты ұнады, сондықтан сіздермен бөлісейін деп отырмын.

Біріншісі «Ботақан«деп аталады. Қазақ әліпбиін үйретуге бағытталған қосымша, суреттері қолмен салынған, үстінен бассаңыз әртүрлі қимылдар жасайды немесе экран бетінде әрі бері жылжытуға болады.

Әріп те сөз де дыбысталады. Мен сияқты қатал сыншы үшін «КЕРЕМЕТ» болмағанмен «ӨТЕ ЖАҚСЫ» деген бағаға лайық. Қосымшаны жасаған Олжас Алдабергеновке көп рақметімді айтамын, еңбегі жанып бұдан да күшті қосымшаларды жасауға тілектеспін.

 

Botaqan

 

Екінші қосымша домбырада ойнайтындарға қызық болады деп ойлаймын.  «Dombira» қосымшасы бір қарағанда қалай қолдану керектігі түсініксіз. Бірақ дегенмен осындай қосымшаны жасауға тырысқан Нұржан Төлегенов те осал азамат емес сияқты. Болашақта бұл қосымшаны толықтырып жақсарта түсер деген ойдамын.

Dombira

 

Осындай қосымшаларды дайындап, оны ақысыз бөлісіп жүрген мамандарға тек қана табыс тілеймін.

Алматы,

25.07.2014

387
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *