Түрлі семинарларға қатысып жүргенде немесе өзім жүргізіп жүргенде қатысушылармен өткізілетін түрлі сергіту ойындары маңызды болып табылады. Осындай бір сергіту ойыны сіздерге де тыңдаушыларды қызықтыруға мүмкіндік берер.

Астанада «Қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту әдіснамасы мен ҚАЗТЕСТ тапсырмаларын жетілдіру» атты семинар (23-26 сәуір 2013 ж.) өткізіліп жатыр.

Түске дейін көп маңызды нәрсе айтылды, соның ішінде бір сергіту ойынымен бөліскім келіп отыр.

Жүргізуші: «Қолыңызға дәптер (парақ, қағаз) алыңыз, оны төбеңізге қойыңыз. Екінші қолыңызға қалам алыңыз.

Параққа үлкен шеңбер сызыңыз. Осы шеңбердің ортасына кішткентай арал салыңыз. Аралдың қасына екі-үш пальма салыңыз. Сол жағына жүріп қайықтың суретін салыңыз. Енді қайтып келіп пальманың қасына өзіңізді жатқызып қойыңыз.

Сонан соң парақты қолыңызға алыңыз. Айтылған нұсқауға сәйкес сурет сала алдыңыз ба? Кімнің суреті нұсқауға сіл болса да ұқсайды?»

Ойынның (әзіл) қорытындысы: егер кімде-кімнің суреті нұсқаулыққа ұқсайтын болса, онда ол семинар барысында айтылып жатқан мәселелерді зейін қойып, назарын соған аударып тыңдап отырған 🙂

Семинарда айтылып жатқан басқа да ойлармен бөлісе отырармын.

460
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *