Құрметті «Білімпаз» сайтын оқитын қауым!

Google-аударма қызметін қолданып жүргендеріңізді білеміз. Сонымен қатар бұл аудармашыда неге қазақ тілі жоқ деген сұрақты да жиі қойып жауабын да іздейсіздер. Оның себебі немен байланысты екенін және бұл жағдайды өзгерту үшін қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын бұған дейінде айтып та, жазып та жүрміз.

Енді қазақ тілін Google-аударма қызметіне қосуға жақындататын  тағы бір мүмкіндік жасалып отыр.   Қазақ және ағылшын тілдерін жетік білетін кез келген қызығушылық танытқан адам  Google-дің сенімді сарапшысы (Trusted Tester) ретінде тіркеліп, аударма сапасын арттыруға атсалысуына болады. Тіркелу парақшасының сілтемесі төменде көрсетілген:

https://docs.google.com/forms/d/1yakaAEKeLq8k29HH8F9_ywUFoHJdW3zhmAhLCIoaYKE/viewform

Бұл парақшада не жазылғанын мына суреттен де көре аласыздар.

Бізге қосылыңыздар! Көп болайық, өз үлесімізді қосайық!

Іске сәт!

гугл

524
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *