«Білімпаз» сайтына қош келдіңіздер!

«Білімпаз» сөзі көп оқыған ойшыл, оқымысты деген мағынаны білдіреді.

Жас ұрпақ білімді болып өсуіне үлес қосу қоғамның, әрбір адамның азаматтық борышы деп санаймын. Оқушыларын таусылмас білім нәрімен сусындатып, шығармашылықпен жұмыс жасап жатқан мұғалімдер де осы сайттан өздеріне қызықты, пайдалы материалдар табады деп сенемін.

Сайттың мақсаты

Ең алдымен өзге тілді мектептерде қазақ тілін оқытатын мұғалімдерге көмек беру, тәжірибемізбен бөлісу мақсатында ашылып отыр. Сонымен бірге бұл сайт оқушылар мен ата-аналарға да қызықты болар деген үміттемін.

Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқыту барысында қолдануға болатын презентациялар,  үлестірмелі материалдар, қосымша тапсырмалар, ойындар, әндер, видеолар ұсынылады.

Осы сайттағы барлық материалдарды тек қана жеке мақсатыңызда ақысыз еркін қолдануларыңызға болады.

Құрметпен,

Бақытгүл Салыхова

129436
Share

От bilimpaz

3 комментария для “Қош келдіңіздер!”
  1. Жақсы бастама!

    Сайтыңыз оқуға ыңғайлы, керекті материалдарды айдарлар бөлімінен тез, әрі оңай таба аламын.
    Жалпы келбеті де жеңіл, ашық түсті болғаны ұнады.
    Оқырмандарыңыз көп болсын!

    Жұмысыңыз жемісті болсын!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *