Human 2.0: технологиялар

Қазіргі заманда Human 2.0: технологиялар маңызды болып тыр. Адам инновацияларды жұмыста ғана емес, күнделікті өмірде де пайдаланады. Олар сіздің күш-қуатыңызды арттыруға, қоршаған ортаңызды дәлірек көруге және естуіңізге, өнімділікті арттыруға көмектеседі.

Мұндай технологиялар human augmentation санатына кіреді, яғни адамның мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Біз Human 2.0: технологиялар қандай түрлерге бөлінеді, қандай салаларда қолданылады және болашақта оларды не күтіп тұрғаны туралы сөз қозғаймыз.

“Адамның мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған технология” түсінігі адамның психикалық және физикалық мүмкіндіктерін жақсартатын кез келген нәрсені қамтиды. Әдетте, бұл инновациялар біздің денсаулығымызды жақсартуға, өмір сүру сапасы мен өнімділікті арттыруға және денемізді толықтыруға арналған. Бұл тұжырымдама футуристік болып көрінуі мүмкін, бірақ ол нақты өмірде қолданылуда.

Дәстүрлі құралдар мен мүмкіндіктерді кеңейту жүйелері арасындағы негізгі айырмашылықтардың бірі соңғысының ішінара адамның бір бөлігіне айналуында екенін атап өткен жөн. Оларға мыналар жатады:

• көзілдірік;

• кардиостимуляторлар;

• протездер;

• киілетін құрылғылар;

• имплантацияланатын чиптер;

• генетикалық модификациялар.

Бұған пластикалық хирургия да кіреді — ол бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін жараланған жауынгерлердің бетін қалпына келтіру үшін жүргізіле бастады.

Ақпараттық технологиялардың заманауи жетістіктерімен имплантаттар, киілетін құрылғылар және оған ұқсас инновациялар көбірек қол жетімді болуда. Дүние жүзіндегі миллиондаған адамдар қазірдің өзінде әртүрлі жолдармен «өз мүмкіншіліктерін күшейтуде». Бұл технологияларды кейде Human 2.0 деп те атайды.

Бұл технологиялар қалай жұмыс істейді?

Оларды басқару үшін контроллер қажет емес — бәрі адам ағзасына қосылып қойылған. Мысалы, шынтақтан төмен қолдың бір бөлігі жетіспейтін адамдар қолданатын бионикалық қол бұлшықеттерден сигнал алады. Бұл сигналдар биологиялық қолды басқаруға көмектеседі. Сіз тек білегіңізді бүгіп жатқаныңызды елестетуіңіз керек, ал протез оны жүзеге асырады.

Оның үстіне мұндай қолды хирургиялық жолмен бекіту қажет емес. Сенсорлар ең күшті бұлшықеттері бар аймаққа орналастырылады, олар арқылы барлық командалар беріледі. Бұл ғылыми-фантастикалық фильмдердегі болашақты еске түсіреді.

Биопринтингтің (биологиялық басып шығару) дамуы әлі бастапқы кезеңде, бірақ оның медицина саласын айтарлықтай өзгертуге мүмкіндігі бар. Мысалы, тері мен сүйек сияқты органикалық тіндерді 3D басып шығару арқылы жасауға болады.

Дегенмен, адамның мүмкіндіктерін кеңейту технологиялары тек медициналық мақсатта ғана қолданылмайды.

Экзоскелет — бұл адам өз денесіне киюге болатын киілмелі механикалық құрылғы. Ол бұлшықеттерден сигнал қабылдамайды, бірақ жасанды күш береді. Осының арқасында адам әр қолында 10 кг-нан артық салмақ ұстай алады.

Адамның жұмысын жақсартатын кейбір құралдарды нейрондық деңгейде де басқаруға болады. Илон Масктың Neuralink бағдарламасы бірінші ми-компьютер интерфейсін (brain-computer interface, BCI) жасауға бағытталған. Бұл технологияның жолы әлі ұзақ, бірақ Маск өз идеяларын шындыққа айналдырумен танымал.

Адам ағзасын жақсарту мүмкіндіктері шексіз — имплантацияға дейінгі генетикалық диагностикадан генді редакциялауға дейін. Егер ғалымдар осы процестердің әлеуетін толығымен ашса, сайып келгенде, олар меланин гендерін қалай өңдеуге болатынын үйренеді — бұл тері ісігімен күресте үлкен серпіліс болуы мүмкін.

Адамның мүмкіндіктерін арттыратын технология түрлері

Олар үш негізгі санатқа бөлінеді.

Сезімдерді нығайту

Қолда бар мультисенсорлық ақпаратты түсіндіру арқылы адам өзінің сезім мүшелерін жақсарта алады. Көбінесе жақсартудың бұл түрі сізім мүшелерінің бұзылуын жөндеу үшін қолданылады.

Сезімдерді әртүрлі технологиялар арқылы жақсартуға болады. Ең жақсы мысал — соқыр адамның айналасындағы әлемді сипаттайтын тактильді жетектері. Дәл сол технология саңырау адамға сөйлеу дыбыс сигналдарын түсіндіре алады.

Дегенмен, бұл құрал жетіспейтін сезімдерді толтырып қана қоймай, бұрыннан бар сезімдерді де жақсартуға қабілетті. Ол қарапайым адамға қол жетімсіз сыртқы сигналдарды қабылдау үшін әртүрлі сенсорларды пайдаланады, содан кейін оларды оған «аударады».

Мысалы, жарық сенсорларының жұмысының көмегімен адам қараңғыда көре алады. Түнгі көру технологиясының пайда болғанына біраз уақыт болды, бірақ ғалымдар оны қолданудың жаңа жолдарын әзірлеуде.

EC-Eye – көруді қалпына келтіріп қана қоймай, сонымен қатар пайдаланушыға жаңа қабілеттерді, соның ішінде қараңғыда көруді жақсартуға және қашықтықтан кішірек нысандарды тану мүмкіндігін беруге қабілетті бионикалық көз.

Физикалық ресурстарды нығайту

Технологияның бұл түрі адамның нақты әрекеттерін анықтайды және оларды жергілікті, қашықтағы немесе виртуалды орталарда көрсетеді. Оны бірнеше тармақтарға бөлуге болады. Ең жиі кездесетіндері:

• дауыспен енгізу;

• көзбен басқару;

• моторикасын арттыру.

Бұл түрге қатысты дамудың бірі — аяқ-қол протездері.

Танымдық қабілеттерді арттыру

Бұл түрге мыналар кіреді:

• когнитивтік психология;

• нейробиология;

• инженерия;

• компьютерлік ғылымдар;

• адам мен компьютердің өзара әрекеттесуі.

Заманауи өнертабыстар адамның когнитивтік жағдайын анықтай алады. Бұған пайдаланушыдан алатын командаларды түсіндіре алатын аналитикалық құралдар көмектеседі. Дами келе, ол жұмыс жадын, назар аударуды және т.б. жақсартуға көмектеседі.

Олар қайда қолданылады?

Адамның мүмкіндіктерін кеңейту инновациялары көптеген салаларда орын алды. Мына салаларда олар жиі қолданылады:

Медицина

Бұл саладағы көптеген компаниялар өздерінің инновацияларын қолдануда.

• Naked Prosthetics ампутацияланған саусақтарды максималды дәлдікпен қайта жасауға қабілетті.

• eSight бейнелерді іс жүзінде көрмейтін адамдардың көз рецепторларына жақындата алатын киілетін құрылғыны жасайды. Оны бар болғаны адамның басына бекіту керек.

• Organovo медициналық зерттеулерде және дәрілік заттарды әзірлеуде қолданылатын адам тіндерін жасауда.

Медицина қызметкерлерінің жұмысын жеңілдететін құралдар да бар. Мысалы, жапондық Cyberdyne компаниясы пациенттердің өз бетінше қозғалуына көмектесетін HAL экзоскелетін жасады.

Өндіріс

Автоматтандыру — өндірістегі өзекті даму бағыты. Дегенмен, адамның мүмкіндіктерін кеңейту құралдары ғана бұл саланың жұмыс істеу тәсілін толығымен өзгерте алады.

Бұл құрылғылардың кейбірі қателерді азайтады, өнімділікті жақсартады және ұзақ мерзімді перспективада бизнестің өркендеуіне көмектеседі. Әдетте олар адамға бекітіледі немесе жұмыс уақытында пайдаланылады.

Жоғарыда айтылған экзоскелеттер де осы санатқа жатады.

• Ford қызметкерлері ауыр заттарды көтеруге көмектесу үшін Ekso Bionics компаниясының EksoVest экзоскелетін пайдаланады.

• Perceptual Robotics Laboratory итальяндық компаниясы осыған ұқсас аспап – Body Extender жасап шығарды, оны пайдаланушы әр қолында 50 кг-ға дейін ұстай алады.

• Upskill ұсынған Skylight әуе инженерлеріне қозғалтқыштың негізгі бөліктерінің бірін жасауға көмектеседі.

Басқа салаларда

Технология басқа да көптеген салаларда адамның мүмкіндіктерін кеңейтуде. Мысалы, кеншілерге арналған арнайы киілетін құрылғылар олардың қауіпсіздігі мен өнімділігін арттырады.

Сонымен қатар, ауыр техниканы басқаратын сарбаздарға қауіп туралы хабардар ететін технологиялар да бар.

Бұл технологияларды болашақта не күтіп тұр?

Gartner-дің пікірінше, алдағы 10 жылда адамның физикалық және ақыл-ой мүмкіндіктерін одан да жоғары деңгейде арттыратын инновациялар пайда болады. Бұл саланың дамуы қарқын алып, ол компаниялар мен инвесторларды көбірек тартуда.

MarketsandMarkets 2024 жылға қарай адамның мүмкіндіктерін кеңейту технологиялары нарығы 206,9 миллиард долларды құрайды деп болжайды.

Дегенмен, бұл құралдарды енгізбес бұрын, бизнес қауіпсіздік, деректердің құпиялылығы, психикалық және физикалық денсаулыққа ықтимал әсер ету және т.б. сияқты маңызды мәселелерді шешуі керек.

Дереккөзі: https://techjury.net/blog/what-is-human-augmentation/#gref

542
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *