mattermap ресурсы өте жақсы жасалған, бірақ әлі бета версиясында.

Оны мына адрес арқылы кірп, көріп, сынап көре аласыздар: https://www.mattermap.nl 

Жаңадан шығып жатқан ресурстарды мүмкіндігінше қолданып, тексеріп көремін. Әрине, ең бірінші қазақ тілінде қолдануға бола ма деген сұрақ туындайды ғой. Сондықтан бір мысалды қазақ тілінде жасап көрдім. Негізі басында  экранда қазақша әдемі боп шығып тұрғанда қуанып кеттім, сөзіме дәлелді  мына сурттен де көре аласыздар:

Рисунок1

 

Бірақ жариялау батырмасын басқаннан кейін қарасам, барлық сөйлемдерім сұрақ белгісіе айналып кетті (скриншотын жасап алмаппын).

Содан осындай сайтта менің атымнан жасалған дүние түсініксіз, сұрақ-сұрақ болып тұрмасын деп, ағылшын тілінде материал жазып қойдым. Оны мына мысалдан көре аласыздар.

Сайттың бүкіл мүмкіншіліктерін толық пайдаландым деп айтпаймын, асықпай отырып бәрін үйреніп аламын 🙂

 

 

Өте пайдалы және қажет нәрсе екенін өздеріңіз де көріп отырсыздар, сондықтан қазақ программистеріне құлаққағыс: осындай дүниелерді жасасаңыздаршы. Жаңалық жасап дүниежүзін дүр сілкіндіру оңай шаруа емес қой, сондықтан «клон» болса да қазақ тілінде осындай ресурстарды жасап ақпаратты ұсынудың жаңа жолдарына бет бұруға септіктеріңізді тигізуге көмектесіңіздер, өз тарапымнан барынша қолдау көрсетуге дайынмын.

 Алматы

06.05.2014

424
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *