Quizlet сайтында тапсырмалар дайындау

Дүниежүзі білім саласына жұмыс істеп жатыр. Мына сайтты көрген боларсыздар:  http://quizlet.com/

Бұл сайтқа тіркеліңіз немесе фейсбук/гугл+ арқылы кіруге болады.

Сайтқа кіргеннен кейін сізге мынадай мүмкіндік береді: басқа адамдардың дайындаған тақырыптарынан таңдап жаттықсаңыз болады немесе өзіңіз де тапсырмалар дайындасаңыз болады. Бұл жерде тек мұғалімдер оқушыларына тапсырмалар жасап қоймайды, оқушылардың өздері де өзіне қажет тақырыптарды жасай алады.

Ол үшін не істеу керек?

Жүйеге тіркеліңіз.

«Create» деген батырманы басыңыз.

Мына суретте көріп тұрған ұяшықтарды толтырыңыз.

«Create Set» батырмасын басыңыз.

Дайын болған тапсырманы ір түрлі форматта көріп орындай аласыз. Олар: «Cards, Learn, Scatter, Test, Speller, Space Race»

Бір тапсырманың мазмұнын жазсаңыз, автоматты түрде оны өздері ұсынып отырған формаларға салып береді. Осыған дейін мен талай рет http://www.studystack.com/ туралы айтып, оны қалай қолдану керек екенін мұғалімдерге көрсетіп те жүргенмін. Ол жерде де қазақ тілінде тапсырмалар жасауға болады.

Енді quizlet-пен де таныса отырыңыздар. Жасаған тапсырмалар қалай көрініс табатынын келесі суреттерден көре аласыздар.  Тапсырмаларды қалаған тіліңізде жасауыңызға болады.

1751
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *