World Toilet Day

Дүниежүзілік дәретхана күні

2002 жылдың 19 қарашасында әлемде алғаш рет Дүниежүзілік дәретхана күні атап өтілді. Бұл атаулы күн 2001 жылы Сингапурде өткен дәретхана мәселелеріне арналған халықаралық конференция кезінде жарияланған болатын. Айтпақшы, конференция өтетін орын кездейсоқ таңдалған жоқ: Сингапур өз дәретханаларының мінсіз тазалығымен әлемде өте танымал.

Бұл конференцияға 17 ұлттық дәретхана қауымдастығының өкілдері Азия, Еуропа және Солтүстік Америкадан келген 200-ден астам делегаттары өзекті мәселелерді талқылау және дәретханаларды дамытудың жаңа тұжырымдамаларын зерттеу үшін жиналды. Кездесудің нәтижесінде осы ерекше мерекені өткізудің бастаушысы болған Дүниежүзілік дәретхана ұйымы құрылды.

Қазіргі кезде бұл атаулы күн біздің бәрімізге  3,6 миллиард адамның қауіпсіз санитарияға қолжетімсіз өмір сүретінін еске салады (яғни, олардың үйінде дәретханасы жоқ, немесе дәретханасы лас ағынды суларды қауіпсіз шығару үшін жабдықталмаған).

Дүние жүзіндегі мектептердің үштен бірінде дәретхана жоқ. 900 миллион оқушы дәретхананы пайдаланғаннан кейін қолдарын жуа алмайды, тазалыққа қажет жағдайдың жеткіліксіздігінен аурулар көп тарап жатыр.

Күн сайын бес жасқа дейінгі 700-ден астам бала жарамсыз су, санитария және гигиеналық талаптарға сай келмеу салдарынан болатын диареядан қайтыс болады. 2,5 миллиард адамның тиісті санитарияға қол жетімділігі жоқ,  қарапайым дәретханалар немесе жәй ғана шұңқырлы дәретханалары да жоқ, сондықтан бұл жағдай олардың денсаулығына, қауіпсіздігіне, қоршаған ортаға және әлеуметтік-экономикалық дамуға кері әсер етеді.

2013 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы өзінің (A / RES / 67/291) «Баршаға арналған санитария» резолюциясымен 19 қарашаны Дүниежүзілік дәретхана күні (World Toilet Day) ретінде ресми түрде бекітті және Мыңжылдық даму мақсаттарының аясында санитарлық тазалықты жақсарту шараларын жүзеге асыруға шақырды.

522
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *