Алхоры қосылған бәліш

Сізге қажет:

– 10 алхоры
– 150 гр еріген сары май
– 3 жұмыртқа
– 100 гр қант
– 150 гр қант пудрасы
– жарты стақан жылы сүт
– 13 ас қасық ұн
– 1,5 ш.қ. разрыхлитель

Дайындау жолы

Алхорыны жуып дәнегін алып тастыңыз да, жұқалап кесіңіз. Жұмыртқаларды қант және қант пудрасымен бірге жақсылап араластырыңыз. Ұнның жартысы мен разрыхлитель қосыңыз. Сонан соң сүт қосып араластырыңыз. Қалған ұнды қосыңыз. Жақсылап араластырыңыз.

Дайын қамырды жақсылап майланған формаға аздап ұн сеуіп, соның ішіне құйыңыз. Үстіне алхорыларды тізіп шығыңыз. Енді 2 ас қасық қант сеуіп 200С духовкада үсті қызарғанға дейін пісіріңіз.

Өте дәмді! Ас болсын!

Дайындаған https://aspazdik.wordpress.com/

517
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *