Бай болуға жетелейтін 10 қадам

Көпшілігіміз бай болғымыз келеді, тіпті егер біз бұл фразаның мағынасын толық түсіне алмасақ та. Неліктен бай болу кедей болудан жақсы? Өйткені күйзеліс деңгейі төмендейді және әрине, ақшаңыз болған соң, әрқашан дәмді тамақ жеуге де мүмкіндігіңіз бар. Бұдан басқа не керек? Бай болсаңыз, сіз өзіңізді қызықтыратын нәрсені жасай аласыз және ай сайын жалақыңызға тәуелді болмайсыз. Оған қоса байлығыңыз болса, сіз адамдарға шынымен көмектесе аласыз және оларға аяушылық білдіріп, бас шайқамаңыз.

Байлық барлық адамды қызықтырады, бірақ көпшілігі байлықтың пайда болуының шынайы себептеріне үңілмейді. Көбінесе адамдар байлықты армандап, басына лотерея ұтысы, мұра немесе жағажайды қазып жатқанда аяқ астынан қазына тауып алуын күтеді.  

Ал шынымен де бай адамдар әрқашан өздерінің байлықтары қалай келгенін, қандай қадамдар жасалғанын, өздерін қай жерде шектеу және керісінше ақша жұмсауға ерік беру керек екендерін жақсы біледі.

Осы туралы сөйлесейік. Яғни, бай болу үшін не істеу керек?

1. Әрқашан жоспарыңыз болуы керек

Бай болу үшін бай болуды жоспарлау керек. Диванда жатып алып, армандаушыларға бұл жерде орын жоқ. Барлық мәселелер мен мерзімдері бар жақсы әзірленген жоспар ғана кез келген батпақтан шығуға және бай адамдардың тұғырына көтерілуге ​​көмектеседі.

Бай болуды жоспарлау бай болуды армандау деген сөз емес.

Бай болу дегеніміз –  байлық әлі жоқ кезде де бай болу. Бұл жерде сөз, мүлде, ақшаны оңға және солға шашып, ысырап ету туралы емес. Жоқ! Бұл сіздің ақшаңызды ақылмен басқара алуыңыз туралы.

Сізде алдағы 25-30 жылға жоспар болуы керек, содан кейін келесі 10-15 жылға жеке жоспар және тағы 3-5 жылға арналған ең белсенді және жақсы дамытылған нақты жоспар болуы керек. Бұл жоспарлар стратегияға, мақсаттарға, нәтижеге жетудің мүмкін және нақты жолдарын көрсетуі керек. Ал осы жоспарлардың орындалуы ғана байлыққа жеткізеді.

2. Үнемдеу — сіздің ең жақын досыңыз

Бұл пікірмен бәрі бірдей келісе бермейді, бірақ сіздің міндетіңіз баю болса, онда сізде басқа арнайы жол жоқ. Еңбекпен тапқан ақшаңызды босқа жұмсамауға тырысыңыз. Сізге тақуа болып, саяқ өмір сүріңіз демейміз, заманауи ыңғайлы өмір мен заттардан да бас тартыңыз демейміз. Бірақ ненің қолайлы, қай кезде ақша жұмсау керек екенін түсінуіңіз керек.

Бай адам деп айлық табысының төрттен бір не үштен бір бөлігінен аспайтын ақшаны күнделікті қажеттіліктеріне жұмсайтын адамдар айтады. Қалғаны жинақ пен инвестицияға салуыңыз керек.

Егер сіз бүгін табыстың 70% -ын жинай алмасаңыз, сізде тек бір ғана жол бар –  кем дегенде 5-10% жинақтауды бастау және кірісті біртіндеп ұлғайту. Неғұрлым аз ақшаңызды жинаққа салсаңыз, капиталды жинап, тиімді пайдалануды бастау үшін соғұрлым көп уақыт қажет болады.

Бірақ мынаны түсініңіз –  әр теңгеңіз сізге көбірек табыс әкелетін тетікке айналуы мүмкін. Сондықтан ақшаңызды жинаңыз, не болса соған құрта бермеңіз.

3. Ақша ағымын беретін нәрселерге  инвестиция салыңыз

Сіздің мақсатыңыз: пассивті табыс әкелетін кез келген нәрсені ескеру. Акциялар мен бизнестен алынатын дивидендтер, несие бойынша пайыздар, пайдалы жылжымайтын мүлік, оффшорлық компаниялар, жабдықты жалға беру және жалға беруге болатынның бәрі сізді қызықтыруы керек.

Сіз шынымен де бай болғыңыз келе ме? Алып-сату, спекуляцияны  ұмытыңыз, тым болмаса әзірше ұмытыңыз.

Қай жерде болсаңыз да, сіз сатып алатын мүліктің табыс әкелетініне назар аударыңыз. Нарық құлады деп айтқандарды тыңдамаңыз. Мұның бәрі сіз не істегіңіз келетініне байланысты: мүмкін баға қайта сату үшін түскен шығар, бірақ мақсатыңыз жалға беру  болса, айырмашылығы не?

4. Дұрыс бағамен сатып алыңыз

Нағыз инвесторлар әлемінің басты даналығы: сіз сатып алу кезінде ақша табасыз. Дәл осындай тәсілді күнделікті саудада да қолдануыңыз керек: сіз сатып алған әрбір зат сізді сатып алғанға дейінмен салыстырғанда бай қыла түсуі керек. Бұл сондай-ақ 100 000 тұратын нәрсеге миллион инвестициялаудың қажеті жоқ дегенді де білдіреді.

Күнделікті мысал: ұялы телефон сатып алу. Мен үшін бұл жұмыс құралы, мен қазірдің өзінде телефонның көмегімен оны шығарған кезде сатқан бағасынан да көп ақша таптым. Бірақ мен оны шығарылған кезде емес, алты айдан кейін, бастапқы бағасы жартысына түскенде ғана сатып алдым.

Нәтижесінде – мен үшін бұл керемет баға, үлкен мүмкіндіктер әкелді және  бұрынға қарағанда баий түсуге көмектесті.

5. Қарыз – сіздің қас жауыңыз

Неге қазіргі әлемде дағдарыс бар екенін білесіз бе? Өйткені банктер тұтынушыларға кіріс бермейтін нәрсеге арзан несие алуды ұсынуды жалғастыруда. Басқаша айтқанда, несиеге сатып алынған автокөлік, саяхат билеті, телефон немесе азық -түлік – сіздің мойныңыздағы тұзақ.

Егер несие сізге табыс әкелмесе, ол сізге қажет емес. Несие қарызынан аулақ болыңыз. Бірақ несиені өзіңіздің байлығыңызды дамытуға қалай пайдалану керек екенін түсінгенше, алмауға тырысыңыз.

6. Қарым-қатынасқа инвестиция салыңыз

Ақшаны ғана емес, уақытты, жүрек жылуын және құрметтеуді де жинақтай аласыз. Сіздің мұғалімдеріңіз, туыстарыңыз бен достарыңыз, әріптестеріңіз және т.б. кез келген адам – ​​сіздің ұстазыңыз, олардан сіз бірдеңе үйрене аласыз. Оны қолданыңыз, өзіңізді және басқаларды құрметтеңіз.

7. Өзіңізді дамытуды жалғастырыңыз

Әрине, өмірде дивиденді жоқ саладан магистр немесе басқа дәреже алу өте өкінішті. Сонымен қатар классикалық білім де тым ұзаққа созылады.

Сондықтан да өзіңізді дамыту процесі өте маңызды: жаңа кітаптар, аудио дәрістер, вебинарлар мен семинарлар, тренингтер мен жаңа таныстар. Бүгінде сіз көптеген сапалы және ақысыз кәсіби ақпарат көздерін таба аласыз, мысалы, шетелдік банк шотын ашу бойынша тегін кеңес. Сізден бай және / немесе осы технологиялардың арқасында студенттері байыған адамды іздеңіз. Тек бір саланы ғана зерттеп қоймаңыз, сонымен қатар ой-өрісіңізді кеңейтіңіз, себебі сату кезінде өнімнің бағасын дұрыс қоя білумен қатар, тобыр психологиясын да білу маңызды.

8. Әртараптандыру / Диверсификация

Халық кеңесі «барлық жұмыртқаны бір қорапта сақтамаңыз» дейді,  қазіргідей теңселмелі жайсыз әлемде бұл тым тәкаппарлық болар еді. Тек әртараптандыру ғана жинақталған активтерді сақтап қалуға және өз жолын енді бастаған активтерді дамытуға көмектеседі.

Алтын, бағалы қағаздар, бизнес, жылжымайтын мүлік, жалға берілетін жабдық және тағы басқалар –  бұл әртараптандырудың мысалы. Сондай-ақ өзіңізді де бір жерде ұстау да дұрыс емес болар. Егер сіз қаржылық активтеріңізді әртараптандыруға дайын болсаңыз, неге сіз әлі де өміріңізді әртараптандыру туралы ойламайсыз? Екінші төлқұжат, басқа елде уақытша немесе тұрақты тұруға рұқсат алу, бұл да өмірді жақсы жаққа өзгертетін  жай болуы мүмкін.

9. Қаржыңыз жетіп тұрса да, азырақ жұмсаңыз

Адам – ​​әлеуметте, социумда өмір сүреді. Ал кейде біз ақшаны қоғам таңған қажет емес нәрселерге, сәнге, әдетке жұмсағымыз келеді. Сыртқы әсердің қақпанына түсуден аулақ болыңыз – сіздің мақсатыңыз байлыққа қол жеткізу, бір сәттік қуаныш пен рахат емес. Бұл ерсі естілуі мүмкін,  бірақ сыртқы әсердің қақапанына түссеңіз, жылдар мен миллиондар босқа кеткенін байқамай да қаласыз.

Адам өзін басқаларға жақсы етіп көрсетуге тырыспай, жай өмір сүруге ерік-жігері жете бермейді. Көптеген адамдар жарқыраған шүберек мен әдемі көліктің артында өздерінің шынайы болмысын жасыруға тырысады. Егер сіз жылына бір миллион теңге табыс тауып, бес-алты миллион тұратын көлік жүргізсеңіз, онда сіз ақымақсыз. Оған темір тұлпарыңызды жөндеуге қажет соманы қоссаңыз, біраз ақшаны банк жинағына салып, өсімін алып отыруыңызға болар еді.

10. Байлығыңыздың күрделі пайыздары

Кез келген байлық күрделі пайыздар заңына бағынады. 100 долларды миллионға айналдыратын сиқыр –  уақыт, күте тұрыңыз. Бұл мысалды көбінесе депозиттерді түсіндіргенде  келтіреді, бұл принцип барлық жерде сақталған. Алдымен ақша өте баяу өседі.

Бірақ егер сіз шыдамдылық танытып, байсалды болсаңыз, онда біраз уақыттан кейін ақшаңыз жылдам арта бастайды. Сіздің банк  те несие бойынша дәл осылай пайда табады. Аз ақша мен уақытты салған ең бай адамдар осылайша үлкен табыс алатынын айта кетейік.

Дайындаған Бақытгүл Салыхова

3642
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *