Бал торты

Сізге қажет:

  • 2 жұмыртқа
  • 1 стақан қант
  • 2 ас қасық бал
  • 100 гр сары май
  • 2 шай қасық ас содасы
  • 3,5 стақан ұн
  • 200 гр 20% қаймақ

Дайындалу жолы:

Алдыменен жұмыртқа, қант, бал және сары майды араластырып, буға қойып, қоюлана бастағанға дейін пісіресіз. Астын өшіріп, сода мен ұнды қосып араластырасыз. Үстін жауып 45 минуттай жылы жерге қойып қойыңыз.

Енді осы қамырды 5-ке бөліп, әрбір зуаланы жұқалап жайыңыз. Қамыр өте жұқа болатындықтан, арнайы қағазға қойып, соның үстінде жаюға болады. Яғни, қамырды алып әуре болмайсыз, қағазбен бірге противеньге қойып пісіресіз. Осылай 5-ін де пісіріңіз.

Сонан соң торт ыдысыңызды теріс төңкеріп, қамырдың шеттерін кесіп, тегістейсіз. Кесілген артық бөліктерді ұнтақтап дайындап қойыңыз, оны торттың бетіне себесіз.

Крем үшін: қаймақ пен қантты араластырыңыз. Тортты жинау үшін әрбір дайын бөлікке крем жағып, бірінің үстіне бірін қоясыз. Соңында бетіне және жанына алдын ала дайындалған ұнтақтан (жаңғақпен араластырсаңыз да болады) сеуіп әдемілейсіз.

Тортты тоңазытқышқа қалағаныңызша қоюға болады. 1 түн тұрса тіпті жақсы.

Ас болсын!

Дайындаған https://aspazdik.wordpress.com/

667
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *