Брюссель вафлиі

Сізге қажет:

  • 2 стақан сүт
  • 4 жұмыртқа
  • 150 гр сары май
  • аздап тұз
  • 1 ас қасық қант
  • ванилин
  • 10 гр ашытқы
  • 1,5 стақан ұн

Дайындау жолы

Алдыменен жылы сүтке ашытқы мен аздап қант ерітіп, жылы жерге қойыңыз. Ашытқы көтерілген кезде жұмыртқаның сарысын қосып (жұмыртқа ағын бөлек ыдысқа бөліп қою керек), қалған қант пен еріген сары май қосып араластырамыз. Ұн мен ванилин қосып тағы араластырамыз.

Бөлек тұрған жұмыртқаның ағын аздап қана тұз қосып жақсылап миксерлеу керек. Апақ мақта тәрізді болып үлкейеді.  Енді осыны негізгі қоспаға қосып, қасықпен жаймен араластыру керек. Вафли қамыры дайын.

Қамырды тағы бір сағатқа қойып қойсаңыз, қамыр одан сайын көтеріліп, вафли үлпілдеп піседі.

Дайын қамырды вафли пісіретін ыдысқа екі ас қасықтан құйып пісіру ғана қалды. Негізі көбірек құйсаңыз да болады, бұл талғамыңызға қарай. Вафли құрамында май мөлшері жеткілікті болған соң, ыдысты майлап тұрудың қажеті жоқ.

Вафлиді әсемдеудің еең қарапайым түрі – үстіне қант пудрасы себілгенін

PS: 1. Нағыз брюссел вафлилері ашытқымен жасалынатынын естеріңізге салайық.

2. Бельгияда вафли фаст-фуд ретінде кеңінен таралған.

3. Вафлидің үстіне неше түрлі жеміс, қаймақ, бал мен шоколад қойып әсемдеуге болады.

Дайындаған https://aspazdik.wordpress.com/

562
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *