Жапонияда 86 510 адам  100 жастан асты, оның 88% әйелдер

Жапония – адам өмірінің ұзақтығы жағынан көшбасшы елдердің қатарына жатады, оған қоса 100 жастан асқан адамдардың арасында әйелдер жалпы санның 88,4% құрайды. 2021 жылдың 1 қыркүйегіндегі есеп бойынша 100 жастағы және одан асқан адамдардың саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 6060 адамға көбейіп, барлығы 86 510 адамға жетті. Бұл көрсеткіш соңғы 51 жыл бойы өсіп келе жатқанын атап өтейік.

Ең қарт әйелдің есімі – Танака Канэ, ол 118 жаста және Фукуока қаласында тұрады. Ол Гиннесс рекордтар кітабында  ең қарт адам ретінде 2019 жылдың наурызында ресми тіркелген. Ал ең қарт ер адамның есімі – Уэда Микидзо, ол  Нара қаласында тұрады, 111 жаста.

1963 жылы елде «Қарт адамдарды әлеуметтік қамтамасыз ету» туралы Заң қабылданғанда Жапонияда 100 жастағы және одан асқан адамдар саны бар болғаны 153 болған. Ал  1981 жылы – 1000 адам, 1998 жылы – 10 000 адам болып, жыл сайын өсе берген.

Егер 100 жастағы және жасы одан асқан адамдар санын префектуралар бойынша қарайтын болсақ,  Симанэ префектурасы алда тұр, ал ең азы Сайтама префектурасында. Бір қызығы елдің батыс бөлігінде тұратын халық ішінде ұзақ жасайтындар көбірек  те, шығысына қарай, әсіресе мегаполистерде, атап айтсақ Токио орналасқан Канто аймағында азырақ.

Дайындаған Бақытгүл Салыхова

671
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *