Жеке көзқарас: неге қол жеткізгіңіз келетінін қалай түсінуге болады?

Бір қарапайым нәрсе жасап жұмысыңыз бен  өміріңізге деген сенімділікті арттыруға болады.

Жұмысыңызға деген сенімділік көптеген салаларда ұзақ және табысты мансаптың негізі, бірақ оған қол жеткізу оңай емес. Сенімділікке нұқсан келтіретін көптеген жағдайлар бар, олар тіпті табиғатынан сенімді  адамдардың да сенімділігіне сызат түсіреді.

Бәсекеге қабілетті жұмыс ортасы, нашар бастық, штатты қысқарту немесе жұмыс берушінің құндылықтарымен келіспеушіліктің бәрі күмән мен белгісіздіктің себебі болуы мүмкін.

Мұны бір арнайы тәсілдің күшін пайдаланып, түзетуге болады: жай ғана өз көзқарасыңыз (болашақты болжау, елестету) бен перспективаларыңызды еске түсіріңіз.

Жеке көзқарасқа күмәндану

Жеке көзқарас — бұл сіздің мақсатыңыз туралы нақты және қысқа мәлімдеме.

Біздің бәріміз өмірде жеке көзқарасымызға ешқашан күмән келтірмеген сияқтымыз. Бір саланың әлемдік деңгейдегі сарапшысы атанатын адамдар бар, өйткені олар бұл кәсіппен айналысуды тоқтатпайды, олар дұрыс жолмен келе жатырмын ба деп ойланбайды, бас қатырмайды.

Мысал ретінде көптеген спортшылар, өнерпаздар мен музыканттарды келтіре аламыз, олар ұжымдық қоғамдық санада маңызды орын алатындықтан бірден ойға оралады, бірақ бұл кез келген басқа саланың маманына да қатысты. Илон Маск көптеген салаларда өзінің жеке көзқарасын қолдана отырып, әлемдегі ең табысты кәсіпкерлердің біріне айналды. Дәрігер, ата-ана немесе мұғалім болғысы келетін басқа адамдар да өздерінің жеке көзқарастарын ұстану арқылы өз армандарын сәтті жүзеге асырады, көбінесе оны өздері де түсінбейді.

Уайымдамаңыз, шындығында бұл ерекше адамдар.

Негізі біздің көпшілігімізге өмірдегі немесе мансаптағы мақсаттарды нақты айқындау қиынға соғады және бұл біз оларды іздеуге тырысатындығымызбен байланысты болуы мүмкін, өйткені оны іздемеу керек, оны жасау, құру, қалыптастыру қажет.

Жеке көзқарасты қалай қалыптастыруға болады?

Жеке көзқарас нөлден жасалмайды, ол сұрақтың жауабы болады. Сіздің көзқарасыңызды анықтаудағы бірінші қадам — ​​бұл сұрақ қою.

Әрине, бір ғана сұрақ қоюдың қажеті жоқ. Көп сұрақ қойыңыз және олардың әрқайсысын сұрай және жауап іздей отырып, сіз үшін не маңызды екенін анықтауға болады. Мүмкін сіз қандай әсер алғыңыз келетінін, қандай күйді қажет деп санайтыныңызды және қандай адам болуға тырысатыныңызды анықтауға тырысатын шығарсыз.

Сіздің жеке көзқарасыңызды бағалайтын нәрсені анықтауға көмектесетін бірнеше сұрақ мынадай:

• Егер менде ешқандай қорқыныш пен уайым болмаса, мен не істер едім? Бұл мені қазіргі кейпімнен қалай ерекшелендіреді?

• Өзімді-өзім тәртіпке шақыра алу менің басты күшім болса, оның арқасында қандай нәтижеге қол жеткізер едім?

• Мен қандай жетістіктеріммен мақтанамын?

• Егер мен аяқ астынан әлемдегі кез келген бизнестің иесі бола алатын болсам, бірақ жалақым 50 мың доллармен шектелсе, қайсысын таңдар едім?

• Егер мен ертең эксперт деңгейіндегі үш жаңа біліктілікпен оянсам, қайсысын таңдар едім?

• Мен алғым келетін ең жақсы сыйлық қандай?

• Егер мен ең жақсы идеяларымды біреуге бере алсам, мен кімді таңдар едім?

Бұл сұрақтарды қою арқылы – нақты осы сұрақтарды қою міндетті емес – сіз келесі қадамдар туралы түсінік ала алмауыңыз мүмкін, бірақ жауаптарыңыз сіз үшін ең маңызды нәрсені анықтауға көмектеседі. Бұл өзін-өзі тану жаттығуы сізді нақты, айқын көзқарасқа бағыттайды. Ол мынада көрініс табады:

• «Менің жеке көзқарасым — көшбасшы болу және басқаларды шабыттандыру».

• «Менің жеке көзқарасым — басқаларды олардың әл-ауқатының еңжоғарғы деңгейіне жақындату».

• «Менің жеке көзқарасым — шынайы құндылық пен пайда әкелетін компания құру».

Егер сіз нақты әрекет қадамдары мен қол жеткізуге болатын қысқа мерзімді мақсаттарға бөле алсаңыз, сіздің көзқарасыңыздың қандай екендігі маңызды емес. Қысқа нәрсе есте сақтауға көмектеседі. Сондай-ақ өз көзқарасыңызды жазып, оны жиі көретін жерге қою пайдалы, мысалы, жұмыс үстеліңізде, ванна бөлмесінің айнасында немесе тоңазытқышқаіліп қойыңыз.

Жеке көзқарасыңызды нақтылау адалдық пен еңбекқорлықты қажет етеді. Оны нақты, әрекет қадамдарына бөлу үшін уақыт қажет, содан кейін сол қадамдарды орындауға міндет алуыңызкерек. Өзіңізді қатты міндеттемеңіз. Демалыс күндерін жасаптұрыңыз. Ал егер сіз аяқастынан назар қоятын мақсатыңызды жоғалтып алғандай сезінсеңіз, өз көзқарасыңызды еске түсіріңіз.

Ақырғы, бірақ соңғы емес

Егер сіз өзіңіздің жеке көзқарасыңызды жұмысқа немесе басқа динамикалық жағдайларға деген сенімділікті арттыру үшін қолданатын болсаңыз, бұл сенімділік сезімін тудыруы керек. Мазасыз адамдар үшін, тіпті бір бағытты ұстану перспективасы өзіне деген күмән тудырады. Бұл жерде кішкене қулық қажет.

Бұл айқын парадоксты шешу үшін сіз өзіңіздің жеке көзқарасыңызды қорықпай қалыптастыруыңыз керек және ол өзгерсе, алаңдамаңыз. Сіздің мақсатыңыз өмір сізді қайда апаратынына байланысты дамуы мүмкін. Дегенмен, бұл сізге бүгін құнды деп санайтын нәрсені істеуге кедергі болмауы керек. Оған бар ынтаңызбен кірісіңіз, сеніңіз және іске асырыңыз. Егер мансабыңызда өзіңізді аздап сенімсіз немесе тұрақсыз сезінсеңіз, ойыңызға көңіл бөлуге уақыт табыңыз: «Дәл қазір менің жеке көзқарасым мынадай …»

811
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *