Күлкі бізге қалай көмектеседі?
Күлкі өмірді ұзартатыны бәріңіз білесіздер. Қазіргі шамадан тыс ақпаратқа толы қиын уақытта әзіл-күлкісіз, езу тартпай көңілсіз өмір сүру мүмкін емес.
Мақаламызда жақсы көңіл-күй мен шын жүректен күлудің пайдасын тізіп берейік.
Еркін күліп масаттану:
— Есте сақтау қабілетін нығайтады.
— Бізді мейірімдірек және жұртқа ашық етеді.
— Ұйқыны жақсартып, ұйқысыздықты жеңуге көмектеседі.
— Мәселелерді шешіп, шығармашылықты арттырады.
— Сарыуайым мен мазасыздықты жеңуге көмектеседі.
— Иммундық жүйені нығайтады.
— Эндорфин бөлінуін ынталандырады және жақсы көңіл-күйді қолдайды.
— Жүрек ауруларының алдын алуға көмектеседі.
— Ер адамды әйелдерге тартымды етіп көрсетеді.
— Адамға деген сенімді арттырады, соның арқасында қоршаған адамдармен қарым-қатынасты нығайтады.
— Қан тамырларының жұмысын жақсарту арқылы қан ағымын жоғарылатады.
— Бұлшықеттерді босаңсытады.
— Ауырлыққа төзімділік шегін арттырады.