Маклюбе

Маклюбе дайындап немесе дәмін татып көрдіңіз бе?

Сізге керек

– 600 гр қой еті
– 200 гр тауық еті
– 900 гр Ақ-маржан күріші
– 2 пияз
– 5 картоп
– тұз
– қара бұрыш

– салат
– айран

Дайындау жолы

Етті бөлек ыдыстарда жартылай пісіріп алыңыз.

Күрішті тазалап жуып, ысытық суға жібітіңіз.

Картопты аршып, майға жартылай қуырып алыңыз.

Пиязды жұқалап тураңыз. Піскен етті сүзіп алыңыз (сорпасын төкпеңіз) да, төрбұрыштап тураңыз.

Үлкен қазан немесе басқа ыдыстың түбіне 3-4 қасық сұйық май құйыңыз да, пиязды тізіп салыңыз. Пияздың үстіне еттің жартысын, оның үстіне картоптың жартысын қойып, тегістеңіз. Енді күріштің жартысын салыңыз. Күріштің үстіне кезекпен қалған ет, картоп, күріш қойыңыз. Енді жайлап форманы бұзбай күріштің үстіне екі еттің сорпасын құйыңыз.

Сорпа қайнағанға дейін қатты отта пісіріңіз де, қайнаған соң отты бәсеңдетіп, күріш сорпаның бәрін тартып алғанша пісіріңіз.

Піскен маклюбені ыдысқа аударғанға дейін кем дегенде 10 минут қозғалтпай ұстаңыз. Ыдысқа қазандыаударыңыз, жан-жағынан қасықпен ұрыңыз. Маклюбе фрмасын сақтап, әдеміболып түсе қалуы керек. Айналасына салатпен айран құйып безендіріңіз.

Ас болсын!

Дайындаған https://aspazdik.wordpress.com/

622
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *