Нағыз жеңімпаздарға арналған 20 ақиқат

Әйгілі маркетолог, жазушы және кәсіпкер Дэн Вальдшмидттің нағыз жеңімпаздарға арналған ақиқат,

табыс пен көшбасшылық туралы бірнеше маңызды қағидалары бар.

1. Ешқашан ұсақ-түйектермен жұмыс істеуді тоқтатпаңыз. Сәті келгенде олардың бәрі маңызды болады.

2. Әрқашан артыңыздан біреу қарап тұрғандай жұмыс істеңіз. Әдетте бұл солай болып шығады.

3. Кішкентай жеңістер жаңа заттарды үйренуге кедергі болмауы керек. Олар сізге кейінірек қажет болады.

4. Өз дағдыларыңызды дамытуға уақыт бөліңіз. Ал одан да көп уақытты — ерік-жігеріңізді дамытуға жіберіңіз. Ол сізге көбірек қажет.

5. Кешірім сұрасаңыз шын жүректен сұраңыз. Неғұрлым жылдамырақ кешірім  сұрасаңыз, соғұрлым жақсырақ болады.

6. Шамданып немесе шаттанып өмір сүріңіз. Осы екі сезімнің арасындағы өмірдің бәрі орташа.

7. Алға ұмтылудың азабын қабылдауды үйреніңіз. Жол азабы сізді қатты сынайды.

8. Табысқа жету үшін не қажет болса да, жасауға дайын болыңыз. Онсыз табысқа жету екіталай.

9. “Мынаны тек былай істеу керек” деген сөздерді елемеңіз, жасайтыныңызды өз қалауыңызша жасаңыз. Бұл сіздің өміріңіз ғой.

10. Саналы түрде алғыс білдіріңіз. Бұл сіздің болашаққа үміттеріңізді жақсы жаққа өзгертеді.

11. Бұдан да жақсырақ болу мүмкіндігі туралы әрдайым ойланыңыз. Сонда сіз жақсара бастайсыз.

12. Тереңірек қазыңыз. Өз мақсаттарыңыз туралы эмоционалды түрде ойлаңыз. Бұл сізге жеңіске жету үшін қажетті отын.

13. Сіз үздік болғыңыз келетін салада үздік аталатын адамдармен араласып өмір сүріңіз.

14. Күн сайын біреу болса да, әйтеуір, маңызды бір затты жасаңыз. Уақыт өте келе ол таңғажайып нәтижеге әкеледі.

15. Жағымсыз адамдардан аулақ болыңыз. Қалай да болса да, тіпті олар туыстарыңыз немесе достарыңыз болса да, аулақ жүріңіз.

16. Оқыңыз. Оқыңыз. Оқыңыз. Оқыңыз … Өміріңізді жақсарту үшін керемет заттарды ашыңыз.

17. Көмек сұраңыз. Ақшаңыз жететін ең үздік көмекшілерге инвестициялаңыз және олардың кеңестерін тыңдаңыз. Бұл өте маңызды.

18. «Мен істей алмаймын», «маған керек емес», «оған көңіл-күйім жоқ» дегенді доғарыңыз. Қажет болды ма, жасаңыз!

19. Марапаттарды жеңіспен шатастырмаңыз. Нағыз сыйлық жүлделер берілмей тұрып келеді.

20. Өзіңізді жақсы күйде ұстаңыз – қаржыңыз, денеңіз, психикаңыз сау болсын. Әрқашан қаһарман болуға дайын болыңыз.

538
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *