Табысты адамның өзіне қоятын 27 қиын сұрағы

Табысты адамның өзіне қоятын қиын да оңай, шешімі бар, не шешімі жоқ сұрағы қандай болуы мүмкін?

Қазірдің өзінде де олар өздеріне осы сұрақтарды қоюда.

1. Дәл қазір істеу керек болса да, қандай бес іске сіз ұзақ уақыт бойы қол тигізбедіңіз?

2. Дәл қазір қандай адаммен қарым-қатынасыңызды жақсарту керек?

3. Өзіңіз армандаған өмір сүру үшін, болашақ қауіпсіздігіңіз үшін дәл қазір қанша ақша бөлу керек?

4. Соңғы айларда сізді мазалаған қандай мәселені дәл қазір шешу керек?

5. Мақсатыңызға сәл де болса жақындау үшін, қазір кімді жалдау керек?

6. Дауыстап айтуға да ұялатын қорқынышыңыз?

7. Сіздің қазіргі қаржылық жағдайыңыз қажеттіліктеріңізге сай ма, әлде әлі де сәтті уақыт келеді деп үміттенудесіз бе?

8. Адамдарды ұмытпауға және олардың мәселелерін жүйелі түрде шешуге кепілдік беретін дұрыс құралдарды пайдаланасыз ба?

9. Сіз қазір тез және оңай шешімдер болуын қалайсыз ба немесе дәл қазір қиын жұмысты орындауға дайынсыз ба?

10. Басқа адамдардың пікірлері сізді қазір жүзеге асырылып жатқан идеялардан бас тартуға қаншалықты жиі итермелейді?

11. Өмір соңына дейін санаулы күн қалса да, қазір істеп жатқан ісіңмен айналысар ма едің?

12. Дәл қазір кімге «Рахмет» немесе «Кешіріңіз» деп айтасыз?

13. Дәл қазір сізге тәуелді адамдармен қалай шыншыл болуға болады?

14. Сіздің бар мүмкіндігіңізді ашу үшін дәл қазір мінез-құлқыңыз бен денсаулығыңызда нені жақсарту қажет?

15. Сіздің ойыңыз ешнәрсеге жарамайтындығына көз жеткізуіңіз үшін қаншалықты жиі тәжірибе жасайсыз?

16. Күнделікті медитацияға немесе жаттығуға белсенді түрде уақыт табуға тырысасыз ба?

17. Сіз күн сайын теледидар мен фильмдерді көруге немесе бейне ойындарды ойнауға қанша уақыт бөлесіз?

18. Сіз өзіңізбен жұмыс істеуге және жаныңызды жаулап алуға тырысатын ауырсыну мен қорқыныштармен күресуге қаншалықты жиі уақыт бөлесіз?

19. Сіздің жағдайыңызды ойлап, сын айтамыз деушілерге қарсы түратындай рухыңыз күшті ме?

20. Дәл қазір бәрінен айырылып қалсаңыз, не істер едіңіз?

21. Алған нәтиже ұнамаса, қазір кімді кінәлайсыз?

22. Егер “Ол адал адам ба?” деп сұраса, басқалар сіз туралы не айтар еді?

23. Кейінге қалдырмай, үлкен армандарға қаншалықты жиі берілесіз?

24. Жағдай нашарлағанда өзіңізге қалайтын жанашырлықпен басқа адамдарға қарайсыз ба?

25. Егер сіз мұны істей алмаймын деп қорықпасаңыз, дәл қазір немен айналысар едіңіз?

26. Қазір сіз мұқтаж адамдарға пайда келтіру мүмкіндіктерін белсенді түрде іздейсіз бе?

27. Өзіңіздің табысты болатын-болмайтыныңызды дәл қазір қалай түсінуге болады?

423
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *