Прокрастинация: жағымсыз эмоциялардан аулақ болғысы келу

Прокрастинация термині маңызды және шұғыл мәселелерді үнемі кейінге қалдыруға бейімділікті білдіреді. Психологиялық тұрғыдан алғанда, прокрастинация адамның жағымсыз эмоциялардан аулақ болғысы келетіндігімен түсіндіріледі. Осы себептен ол күйзеліске әкелетін істі кейінге қалдырады. Прокрастинацияның себептерінің  бірі ретінде перфекционизмді атайды. Барлығын мінсіз орындауға деген ұмтылыс және бұл тапсырманы мүлтіксіз орындай алмау қорқынышы адамды жұмысқа мүлде кіріспеуге мәжбүр етеді.

Психологтар адам әрекетін классикалық прокрастинация ретінде анықтайтын үш белгіні анықтады: ол табыссыз, пайдасыз және кешіктіруші болуы керек. Ақылға қонымды себептермен істі кейінге қалдыру прокрастинацияға жатпайды.

Белгілі бір дәрежеде прокрастинация қалыпты жағдай, бірақ маңызды тапсырмаларды үнемі кейінге қалдыру денсаулыққа, күйзеліске, мазасыздыққа, кінә сезіміне және жеке өнімділіктің жоғалуына әкелуі мүмкін.

Зерттеушілер прокрастинацияның себептерін іздеуге және одан қалай құтылуға болатын жолдарға үлкен көңіл бөледі. Мысалы, психолог Нил Фиор «Жаңа өмір бастаудың оңай жолы» кітабында пракрастинаторлардың бес түрі туралы айтады — перфекционист, жалған атты, ынтасы жоқ, шамадан тыс көп жұмысқа батқан, бақытты –  олардың әрқайсысы үшін жұмысты кейінге қалдыру әдетінен арылудың өз жолы бар.

Ал жаттықтырушы (коуч) Кристофер Соуерде прокрастинацияға бейім адамдардың өзіндік жіктемесі бар: олар қақтығыстардан аулақ, адамдардан аулақ, рәсімдерден аулақ және егжей-тегжейден аулақ болғысы келетіндер.

Қандай себеп сізді жұмысты кейінге қалдыруға итермелейтінін анықтағаннан кейін, «тапсырманы орындаудың ауыртпалықсыз жолын табуға» тырысыңыз.

Кәсіпкер және Fast Company шолушысы Элисон Грэм прокрастинация үшін өзіңізді сөкпеңіз деп кеңес береді.

«Прокрастинация сізге күш жинауға уақыт беру арқылы пайдалы әсерін тигізуі мүмкін. Дем алу өнімді жұмыс үшін өте маңызды, бірақ егер сіз демалу кезінде өзіңізді кінәлі сезінсеңіз, онда сергіту мен жігерлендірудің кез келген мүмкіндігі құриды. Оның әсерін барынша арттыру үшін өзіңіздің күйіңізді қабылдаңыз. Дем алғыңыз келсе — демалыңыз », — деп жазады ол.

Сонымен қатар, Грэмнің пікірінше, «Б жоспарының» бар болуы мәселенің жақсы шешімі болуы мүмкін.  “Б жоспары» негізгі тапсырманы орындағыңыз келмейтін кезде жасалатын жұмыстардың тізімі.

Ал жазушы, журналист Сидин Вадукут пайдалы ғана емес, жаныңызға жағымды нәрселерді де жоспарлауға кеңес береді.

Сондай-ақ, Стэнфорд профессоры Джон Перри ұсынған «құрылымдық прокрастинация» әдісі де бар. Бұл жасайтын жұмыстар тізіміндегі маңыздылығы аз тапсырмалар әдейі басына, ал маңыздылары соңына жылжытылуы керек деп болжайды. Тізімнің жоғарғы жағына шығуға ыңғайлы мәселелер әдетте екі сипаттамаға ие: олардың «нақты мерзімдері бар сияқты (бірақ олар іс жүзінде жоқ) және олар өте маңызды болып көрінеді (бірақ шын мәнінде маңызды емес).

«Сіз бұны бәрібір кейінге қалдыра алатындықтан, оларды тізімнің жоғарғы жағына қою арқылы сіз өзіңіздің прокрастинацияға табиғи бейімділігіңізді қолдана отырып, шын мәнінде маңызды міндеттерді орындай аласыз», — деп жазады журналист Джо Стурф.

Жаттықтырушы мен блогер Энн Дэвистің айтуынша, қандай да бір тапсырманы орындау кезінде өзіңіздің күшіңізге сену өте маңызды және егер сіз оны орындай алмасаңыз, көмек сұраудан ұялмаңыз. Сонымен қоса перфекционизмнен аулақ болу, өзіңізді басқалармен салыстырмау, маңыздысын бірінші орынға қою және уақытты қадағалау керек.

Бірақ көптеген ғалымдар мен сарапшылар прокрастинация пайдалы болуы мүмкін деп ойлайды. Мысалы, Уортон бизнес мектебінің профессоры Адам Грант, прокрастинация өнімділіктің жауы бола отырып, сонымен бірге «шығармашылық үшін нағыз пайданың көзі» деп қорытындылайды. Inc. баспасының авторы Ларри Ким адреналиннің жоғарылауы, алаңдаушылықты төмендету және шамадан тыс күш салу сияқты прокрастинацияның 7 жағымды әсерін тұжырымдаған. Бұл туралы біз келесі мақалаларымызда айтып береміз.

Дайындаған Бақытжан Салихов

497
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *