10 000 сағат теориясы

“10 000 сағат теориясын” канадалық журналист Малколм Гладуэлл өзінің 2008 жылы шыққан «Данышпандар мен аутсайдерлер» кітабында сипаттап, сонан кейін ол кең тарап кетті. Онда кез келген адам кез келген дағдыны кем дегенде 10 000 сағат көлемінде жаттықса, нағыз шебер деңгейінде игере алатыны туралы айтылады.

Теория жақтастарының пікірінше, адамның бойындағы дарыны өздігінен дамып, жетістікке жеткізбейді, ол ұзақ уақыт бойы тынымсыз еңбектену арқасында дамып, жетіледі.

Бұл формуланың қарсыластары тәжірибе табысқа жетудің жалғыз ғана жолы емес деп санайды. Мысалы, Мичиган, Райс, Оңтүстік Иллинойс университеттерінің, Британдық Ливерпуль университетінің, сонымен қатар австралиялық Эдит Коуэн университетінің психологтары, әдейі жаттығудың әр түрлі қарқындылығы шахматшылар немесе музыканттар арасындағы өнімділік пен сапа айырмашылығының үштен бір бөлігін ғана түсіндіретінін анықтады. Олардың пікірінше, «кейбір адамдар кең тәжірибесіз-ақ асқан шеберлікке қол жеткізетіні анық, ал басқалары, тіпті оған жүгінсе де, шеберлікке қол жеткізе алмайды».

Тіпті Малколм Гладуэлл өз кітабында зерттеулеріне сүйенген психолог Андерс Эриксон да 10 000 сағаттық ережеге қарсы шықты. Эриксон өзін дұрыс түсінбегендігі туралы жариялады. Ол әр түрлі салада шеберлікке жету үшін  арнайы тәжірибенің өзіндік көлемі қажет екенін тұжырымдайды.

Ал шеберлікке жету үшін 10 000 сағат жеткілікті ме, сіз қалай ойлайсыз?

Дайындаған Бақытжан Салихов

606
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *