Саумалдық қосылған түрік бәліштері

Сізге қажет:

  • юфка қамыры
  • саумалдық (жас немесе қатырылған)
  • 2 жұмыртқа
  • 2 пияз
  • дәмдеуіштер мен тұз
  • 200 гр брынза (cottage cheese қолдануға болады)
  • 2 ас қасық шамасында сұйық май
  • 2 ас қасықтай майлылығы көп айран
  • 2 ас қасықтай сүт
  • кунжут

Дайындау жолы:

  1. Пиязды аршып, төртбұрыштап тураңыз.
  2. Саумалдықты қатты майда қылмай турау керек.
  3. Табаға 2 ас қасықтай сұйық май құйып, алдымен пиязды қуырып алыңыз. Пияздың түсі өзгерген кезде, саумалдықты қосып, көлемі азайғанға дейін пісіру керек.
  4. Брынза ірімшігін қосыңыз. Тұздап, қалауыңызша түрлі дәмдеуіштерді қосыңыз. Тағы 3-4 минут үнемі араластырып тұрып пісірген соң, табаның астын өшіріп, суытыңыз.
  5. Бөлек ыдыста жұмыртқаны араластырыңыз.
  6. Айран қосыңыз. Айранның майлылығы көп болса жақсы, немесе қаймақты қоссаңыз болады.
  7. Көз мөлшерімен сүт қосыңыз. Екі ас қасық шамасында болуы керек.
  8. Сұйық май қосып, бәрін жақсылап араластырыңыз.
  9. Егер юфка қолданатын болсаңыз, оның көлемі үлкендеу, сондықтан оны 8-ге бөліп жасау керек. Қамырдың үстіне сүтті қоспаны жағып шығыңыз.
  10. Енді қамырдың бір шетіне саумалдық қоспадан қойып, орау керек. Не қатты тығыз, не де қатты бос болмауы керек.
  11. Оралған қамырдың үстіне сүтті қоспадан жағып, енді екі шетін бір біріне қарай орап гүл формасына келтіріңіз.
  12. Әрбір бәліштің үстіне тағы да сүтті қоспадан жағып, кунжут сеуіп қойыңыз да, үсті қызарғанға дейін пісіріңіз.

Өте дәмді!

Ас болсын!

Дайындаған https://aspazdik.wordpress.com/

780
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *