Дәстүрлі жүргізіп келе жатқан семинар-тренингтеріміз Көкшетаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жалғасын тауып отыр.

Бүгін және ертең (18-19 сәуір 2013) оқушылармен Уикипедия ашық энциклопедиясы мен TED конференциясы туралы пікірлесеміз.

«Уикипедияны әдебиет сабақтарымен байланыстыру» сияқты Уикипедия ашық энциклопедиясымен жұмыс істеу түрлерінің жаңа бағытын Семейде бастағанбыз, соны  Көкшетауда жалғастырып отырмыз. Бұл бағыт әдебиет сабақтарымен тығыз байланысты. Оқушылар өздері оқыған шығармаларын талдаудың жаңа бір үлгісімен жұмыс жүргізіп жатыр. Ол алдында айтқанымыздай топқа бөлініп жұмыс істеу барысында шығарманың қысқаша мазмұны мен кейіпкерлеріне сипаттама беру.

Бұл жолы біз Мұхтар Әуезовтың шығармаларын, соның ішінде, «Көксерек» пен «Қараш-қараш оқиғасын» алып отырмыз. (Бұған дейін Семей қаласында оқушылармен біз «Менің атым Қожа» повесімен жұмыс істеген болатынбыз.)

Бастапқы нұсқасы мынадай болған, жұмыс барысында толықтырылып, өңделген түрін сілтемеден көрулеріңізге болады.

Kokserek Qarash_qarash

Сонымен бірге суреттерден  мектеп пен жұмыс барысын тамашалай отырыңыздар.

 

 

617
Share

От bilimpaz

24 комментария для “Уикипедияны әдебиет сабақтарымен байланыстыру”
  1. Маған Уикипедея сабақтары көңілімнен шықты, әсіресе әдебиет сабактарымен байланысқаны. Осындай қызықты сабақтар жиі болып тұрғанын қалаймын.

  2. Бүгінгі сабақ маған ұнады және мені қызықтырды. Болашақта осы Уикипедия сайтына жиі кіріп, мақалаларды толықтыруға тырысамын. Бізге сабақ беріп және көмектескені үшін Бақытгүл ұстазға алғыс айтамын.

  3. Маған Wikipedia курсы ұнады, себебі, мен бұл пайдалы курсттарда өз кішкентай үлесімді болса да, Уикипедияға енгіздім. Жалпы, мен кітап істеуді, сөздерді аударып , қосуды, мақала жазуды үйрендім.

  4. Маған бүгінгі әдебиет сабақтарымен байланыскан сабақтар өте ұнады. Мақалалар мен кітаптар жасаған өте қызықты. Көбірек қызықты сабақтар болғаның қалаймын.

  5. Бұл бағдарлама маған ұнады. Өте қызықты және пайдалы. Бізге берері көп. Бақтыгүл апай тәжірбиеңізбен бөліскеніңізге үлкен рахмет, сізге алғысым шексіз.

  6. Маған бұл конференция ұнады…Біз топпен жұмыс істеп,» Қараш-қараш оқиғасын» уикипедияға енгіздік…Және де мен был жұмысты әрі қарай жалғастырғым келеді…

  7. Маған википедия үйірмесі ұнады. Себебі мен өзіме көптеген жаңа ақпарат тауып, оны қалай жөндеп, википедияға салатынын үйрендім.

  8. Маған осы Уикипедиямен жұмыс істеген өте қатты ұнады. Және көптеген жұмыстарды істеп үйрендік сізге көп рахмет осындай жұмыстарды алып келгеніңізге

  9. Бұл семенарға қатысқаныма өте қуаныштымын. Барлығы белсенді жұмыс жасап жатыр. Көп нәрсені істеуді үйрендік. Осы жоба арқылы балаларды энциклопедиялық стильге уйретуге болады. Жұмыстарымыз сәтті болып өтеді екенінде күмәнім жоқ.

  10. Маған Уики сабақтары өте ұнады. Бұл сабақтарда мен өзім үшін көп жаңалық аштым. Енді мен әр түрлі қызықты мәліметтермен, жаңалықтармен басқалармен бөлісе аламын.
    Рахмет сізгі Уики!

  11. Маған Уики сабақтары өте ұнады. Бұл сабақтарда мен өзім үшін көп жаңа мәлімет таптым. Енді мен қызықты мәліметтермен, әр түрлі деректермен бөлісе аламын.
    Рахмет сізге Уики!

  12. Семенардың маған тиген әсері үлкен, бүгін мен бұрын білмеген жаңа нәрселерге үйрендім және әлемге деген көзқарасымды ұлғайттым.енді мен мақала жазып, әлемге өз үлесімді қоса аламын»

    1. Мақаланы өңдегеннен кейін, мақаланың соңындағы «Алдын ала қарау», содан кейін «Бетті сақтау» батырмаларын басыңыз. Осы жерге қай мақаланы өңдеп жатырсыз, соның сілтемесін жазып қойыңызшы.

    1. Ең бірінші тақырыпты мұқият және дұрыс таңдау керек, яғни уикипедияның талаптарына сай болатындай етіп. Ол үшін басқа мақалалардың тақырыптарын қарап көріңіз. Екіншіден сіз жазған мақала басқа бір мақаланың кішкенай бөлігі болуы мүмкін, сондықтан оны сол мақаланы толықтыру үшін қолдануға болады. Тағы бір себебі мақаланы жазу талаптарына сай болуы керек. Маған жазған мақалаңызды немесе сілтемесін жіберіңіз, мен сізге нақты жауабын берейін

  13. Мақалаға сурет қою үшін: сол суреттің үстінде «Use this file» деген болады, соны басып Page URL -ды көшіріп қойсаң болады. Немесе сурет жүктеп жатқан кезде, мынадай сөйлем шығады «To use the file in a wiki, copy this text into a page:» сол жердегі сілтемені көшіріп алып, мақалаға қоясың

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *