Шотландияға сапарым: 7-күн

Бүгінгі күнің жоспарында University of Glasgow дің Center for Open Studies орталығына бару еді. Бұл орталық St Andrew’s Building деген жерде орналасқан.

Университеттің біраз бөлігін біліп қалсам да, қолымда карта болса да, қай жерде орналасқанын таба алмай қалдым. Содан тоқтай қалып көшеде кетіп бара жатқан студенттерден сұрадым. Картаны жақсы танитын қыз екен, бұл мына жақта деп сілтеп жіберді. Аздап сенімсіздікпен қараған едім, бірақ көрсеткен жаққа қарай жүрдім. Сөйтсе жолды дұрыс көрсетіп жіберіпті.

Негізі, картаны оқи білуге үйрету өте маңызды екенін шетелдерге сапарларға шығып жүргеннен түсінген едім. Мектепте география пәнін оқытқанда әртүрлі мағлұматтарды үйрету өте маңызды, бірақ картамен жұмыс істеуге үйрету бәрінен де маңызды екен. Мен көбінесе шатасып қарама-қарсы жаққа кетіп қала беремін. Оңтүстік пен солтүстік, батыс, шығысты дұрыс анықтай алмағанның кесірі ғой.

Сонымен мынау Университеттің картасы, университет аулаларының біраз жерінде ілініп тұр. Кеше көшеде еріктілер тұрып, картаның көшірмесін таратқан еді, мен соның біреуін алғанмын, бүгін көмегі тиді.

IMG_1964

 

IMG_1963

 

Курсқа жазылу оңай болып шықты, біраз сөйлесіп кеңескеннен кейін, қолыма толтыратын қағаз берді, толтырып болған соң өздеріне қайтардым. Менен тіпті паспорт, ешқандай құжат сұрамады. Яғни мен жазған мәліметтерді компьютерге енгізді, тіпті ақшана да қазір төлемейді екенмін, формада көрсетілген жеріне карточкамның мәліметтерін жазған едім, сол арқылы басқа департамент бұл жұмысты өздері атқарады деді. Қазір курсқа он төрт адам жазылыпты, максимум он сегіз адам алады екен. Толық курс туралы электрондық поштаңызға жазып жібереміз деді. Бәрін ыңғайлы ойластырып қойған, ең бастысы адам өтірік мәлімет бермейді деген сенім бар. Содан айналаны қарап, зерттеп жүрсем тақтада Center for Open Studies орталығының студенттері білуге тиіс он нәрсені жазып қойыпты. Өте жақсы бірақ мүмкіндіктері бар екен.

 

IMG_1961

 

Содан тағы бір хабарландыруға көзім түсті, мына оқытушы ағылшын тілін жетілдіруге, әсіресе академиялық жазба жұмыстарыңызды жүргізуге көмек береді екен, сонымен бірге ақысыз екен. Иә, керемет. Елге қайтқан соң мен де осындай нәрсені істеп көруім керек.

IMG_1962

Бір күнде болған нәрсенің бәрін тізіп жаза алмайсың ғой, соның ішіндегі кішкене бөлігін ғана ұсынып отырмын. Глазгоға келетіндеріңіз болса, көмегі тиіп қалар.

Глазго, Шотландия

сейсенбі, 23.09.2014

480
Share

От bilimpaz

Один комментарий к “Шотландияға сапарым: 7-күн”

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *