Шотландияға сапарым: 9-күн

Бүгін ерте тұрып The Scottish Learning Festival-дің семинарларына бардым. Бұл фестиваль екі күн бойы жылда осы уақытта өткізіледі екен.

Семинардың кестесін, параллель сессиялардың болатынын кеше суретте көрсеткен болатынмын. Алдын ала таңдаған семинарларым бар, басталуы 9:30. Кешікпей баруым керек, сондықтан үйден ертерек шықтым. Кеше таксимен барған едік, бүгін жаяу барамын деп, біраз адастым, бірақ көшедегі адамдардан сұрай-сұрай жеттім-ау.  Баратын жерім  Scottish Exhibition and Conference Centre, қысқаша айтса  SECC . Жаяу баратын адамдар мына тунельден өту керек, ол жермен велосипед айдайтындар да өте алады, ана «SLOW» деген сөз соларға арналып жазылған. Сонымен бірге велосипед айдағандар алыстан келе жатқандарын естіртіп қоңырауларымен дыбыс беруі керек. Ол сақтық шарасы, жүріп келе жатқан адамды қағып кетпеуі керек,

photo

Кешіккен жоқпын. Мынау фестиваль өтіп жатқан көрме және конференция орталығы.

SECC

Бұл көрме орталығы өте үлкен, бірақ әр жерде көмекшілер жүр, қайсысынан сұрасаң да жол көрсетіп жібереді.

Бірінші презентация бір сағатқа созылды, сөйлеуші мектеп оқышыларын әкеліпті, олар осы жобаға қалай қатысқандарын, өздерінің әсерлерін айтып берді. Арасында он-он бес минуттай уақыт екінші таңдаған сессияңа бару үшін керек екен. Ол жерді де тез тауып алдым, есік алдындағы апайлар бейджигіңе құрылғысын тигізіп келген адамды тіркеп алады.

Сөйтіп екінші презентациядамын, тақырыбы «Evaluating the Primary Curriculum». Презентация жасаушы екі слайдын көрсетті де, орындықтарға алдын ала қойылған қағазды оқып шығуға уақыт берді. Басында бәрі тыныш отырған сияқты еді, бір кезде зал толы адам сөйлесіп, талқылап, дауыстары қаттырақ шыға бастады. Мен жан-жағыма қарап қойып отырмын. Өзім ол қағаздың жартысын ертерек келген кезде оқып алған болатынмын.

photo 1 photo 2

Иә, бұл да жақсы тәжірибе екен, конференцияда, семинарда таратып берген қағазды кейін оқып аласыздар демей, сол сәтінде оқыту, талқылату дұрыс екен.

Қазақстанда бұлай істегендерін әлі көрмеппін. Сұрақтарыңыз бар ма десе бәрі басында үндемеп еді, бір кісі ойын айтып сұрақ қоя бастады. Бағанадан бері әр жерде сөйлеп отырған адамар бірден тып-тыныш бола қалы. Бәрі тыңдап отыр, не істесе де жиналғандар сөйлеп жатқан адамға кедергі келтіретіндей әрекет жасамайды екен. Осынысы маған қатты ұнайды, бірден өзіміздегі конференциялар, әсіресе, тамыз конференциясы түсіп кетті. Мұғалімдер көбінесе тыңдауға құлықтары болмай қалады (әсіресе, отыз адамнан көп жиналған жерде), өздерін тыңдатып үйреніп қалған соң ба, жоқ басқа да себептерге байланысты ма, келген конференция, семинарларда, барынша тыңдап жаңа нәрсені үйренп кетейінші деген ықылас ылғи бола бермейді. Әрине, мысалы, тамыз конференциясына келген үш жүз адамның ішінде қызығушылық танытатындар да болады. Бірақ бұл жерде бәрі қызығушылық танытып отыр, өйткені бұл семинарға өз қалауларымен, осы тақырыпты өздері таңдаған, қызыққан соң келген.

Глазго, Шотландия

бейсенбі, 25.09.2014

677
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *