Ас мәзірі: Алма бәліші

Алма бәліші «Ас мәзірі» айдарында ұсынылып отырған, өзіміз дайындаған алғашқы видео. Дұрыс түсіндіңіздер, енді тамақ пісірудің видеосын дайындап, жүйелі ұсынып отырамыз.

Бүгін сіздерге «Алма бәлішін» ұсынамыз.

Сізге қажет:

Жұмыртқа — 2 дана

Қант — 100-150 гр.

Ірімшік — 150-200 гр.

Йогурт (не қаймақ) — 100 гр.

Ұн — 150-200 гр.

Қопсытқыш — 10 гр.

Алма — 2 дана

Сары май — 20 гр.

Дайындалу жолы:

Қант пен жұмыртқаны жақсылап араластырыңыз, миксермен қант еріп, біркелкі массаға айналғанша шайқаңыз. Үстіне ірімшік пен йогурт қосып, қасықпен араластырыңыз, сонан соң тағы блендер не миксермен араластырыңыз.

Оның үстіне қопсытқыш және ұн қосып біркелкі қоюлау қамыр болғанша жақсылап араластырыңыз.

Алманы тазалап, аршыңыз, ұсақ бөліктерге бөліңіз.

Бәлім пісіретін табаны дайындаңыз, оған сары май жағыңыз. Енді алмаларды тізіп шығыңыз, үстіне қамырдың біраз бөлігін құйыңыз. Қалған алманы тағы да тізіп шығыңыз, үстіне қамыр қосып, тегістеңіз.

Біз бәлішті мультиваркада пісірдік, сондықтан мульварка уақытын 45 минутқа қойдық. Уақыт аяқталған соң бәлішті аударып салып, тағы 20 минут пісірдік.

Сонан соң бәлішті алып, қалауыңыз бойынша үстіне қант ұлпасын сеуіп, дастарханға ұсыныңыз.

Ас болсын!

Қызық ақпарат:

Шарлотка (француз тілінде Charlotte) — қамырда пісірілетін алмадан жасалған тәтті десерт, алма бәлішінің бір түрі. Дәстүрлі шарлотка — бұл неміс тәтті тағамы. Ол ақ наннан, қайнатылған крем, жұмыртқа, жемістер мен ликердан жасалады.

608
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *