Сіз қандай “ақша” түріне жатасыз: ақшамен қарым-қатынастың 7 түрі

«Ақшаның құпия өмірі» бестселлер кітабының авторы Кен Хонда ақшамен қарым-қатынастың түрлері қандай болатынын, жеке тұлғаның түріне қарай қаржыңызды қалай жақсартуға болатынын түсіндіреді.

Біз қаржылық сауаттылықтың маңыздылығын, мысалы, ақшаның қалай жұмыс істейтінін нақты түсіну және дәйекті шешімдер қабылдау үшін қордың болуын жиі атап өтеміз. Осыған дейін «Сізге ақша әкелетін 5 жол» және «Бай болуға жетелейтін 10 қадам» т.б. мақалалар жазғанбыз.

Бірақ қаржылық тұрақтылықпен жұмыс жасауға келетін болсақ, адамдардың көпшілігі тұлғаның «ақша» түрін –  жеке адамның ақшаға қатысты эмоционал реакциясын ескермейді.

Әр адамның ақша туралы өзіндік сенімі мен сезімі бар, ол өмірлік тәжірибе негізінде қалыптасады (ата-анасы арқылы беріледі немесе айналасындағы жағдайдың әсерінен пайда болады).

Кен Хонда: «Ақша мен бақыт психологиясын зерттеген 10 жыл ішінде мен ақша туралы ойлаудың жеті түрлі әдісі бар екенін анықтадым. Әдетте бір адам бір ғана емес, бірден бірнеше түрге жатады»,- деп жазады

Адам өзінің жеке басының  “ақша” түрін және оның алдында туындайтын қиындықтарын анықтай отырып, адам ақшамен қарым-қатынасын едәуір жақсарта алады –  импульсивті сатып алуға қаржыны аз жұмсап, жеке бюджетін жақсартады, ақылмен инвестициялайды және зейнетке шығатын кезге қарай қауіпсіздік жастығын жасайды. Сонымен ақшамен қарым-қатынастың түрлері:

1. Компульсивті жинақтаушы

Мезі қылатын, қайталанатын жинақтау белгілері:

• Сіз ақшаны шексіз жинай бересіз, тіпті кейде нақты мақсатсыз да жинайсыз.

• Өзіңізді қауіпсіз сезінудің жалғыз жолы ақша үнемдеу деп сенесіз.

• Сіз өте үнемшілсіз: достарыңыз сізге қай байланыс компаниясы арзан, қандай бонустық карталар пайдалы немесе ұшақ билеттерін сатып алудың ең жақсы уақыты туралы кеңес алу үшін жиі келеді.

Қиындықтары: Кейбір компульсивті үнемдеушілер ақшаны жоғалтудан қорыққаны соншалықты олар жинаған қаржысын мүлде жұмсамайды. Мысалы, олар өздеріне бақыт әкеліп мақсаттарына жеткізетін хобби немесе іс-әрекеттерден бас тартады.

Ақша туралы кеңес: бар мәселе сабырлы болуда. Сіз үнемдеу мен өз өміріңізден ләззат алу арасындағы тепе-теңдікті таба білуіңіз керек. Болашақта өзіңізді қалай көресіз және соған жету үшін жинақтарды қалай пайдалануға болатынын ойлаңыз.

2. Компульсивті ысырапшы

 Қайта-қайта, шамадан тыс шығынданудың белгілері:

• Сіз ақшаны қажетсіз нәрселерге жұмсайсыз.

• Сіз көпшіл адамсыз, сондықтан айналаңыздағы адамдарға, кейде ешқандай себепсіз, ерекше заттарды сыйлауды ұнатасыз.

• Эмоционалды күйзеліс кезінде сіз ақшаны, әсіресе, бірден қанағаттану үшін жұмсағыңыз келеді.

Қиындықтары: «компульсивті ысырапшылар», тіпті үлкен қарыздары бар болса да, дүкендерге баруын қоймайды. Олар достары мен туыстарынан жасаған қымбат сауда-саттығын жасыруға тырысады. Ең нашар жағдайда, олар тапқан табысын үнемі көп мөлшерде жұмсаса, банкрот болу қаупі бар.

Ақшаға қатысты кеңес: Алдына ала бюджет жасау жағдайға басқа жағынан қарауға көмектеседі. Сіз бір көлігіңіз бар болса да, екінші  жаңа көлік сатып алсаңыз, зейнетақы жинақтау немесе қарызды өтеу сияқты маңызды нәрселерді жүзеге асырмайсыз.

3. Компульсивті табыс табушы

Ақша табуға деген қайталанатын тұрақты ниет белгілері:

• Сіз: бақытты болудың құпиясы көп ақша табуда екеніне сенімдісіз.

• Сіз күш-қуатыңыздың басым бөлігін мүмкіндігінше көп ақша табуға жұмсайсыз.

• Қаржылық табысқа жеткенде басқа адамдар тарапынан мақтау мен марапаттауды есту сізге қатты ұнайды.

Қиындықтары: Компульсивті табыс табушылар әдетте қаржылық еркіндікке жетудің дұрыс жолында, алайда олар ақшаның артынан қуып жүргендіктен, жақындарымен қарым-қатынас туралы ұмытып кетуі мүмкін.

Ақша туралы кеңес: Өмірде ақшадан гөрі маңызды көп нәрселердің бар екенін түсініңіз. Егер сіз байлыққа қол жеткізген болсаңыз, оны басқа адамдардың игісіне де жұмсаңыз — мысалы, маңызды мақсатқа қайырымдылық жасаңыз немесе отбасыңызды көп жылдар бойы армандаған демалысқа  апарыңыз.

4. Ақшаны елемейтін адам

Ақшаға бей-жай қарайтындығыңыздың белгілері:

• Сіз ақша туралы сирек ойлайсыз (және бюджетті құру идеясының өзі сізге жиіркенішті).

• Ақша зиянды деп ойлайсыз.

• Сіз ақша өмірдегі маңызды шешімдерге әсер етпеуі керек деген тұжырымға сенесіз.

Қиындықтары: Ақшаға немқұрайлы қарайтын көптеген адамдар бақытты болу үшін аз ғана ақша қажет деп санайды. Бұл, әрине, дұрыс, алайда олар өз қаржысына жауап бермесе, жағдай нашарлауы мүмкін (мысалы, серіктесінің немесе жұбайының табысына өмір сүру).

Ақшаға қатысты кеңес: Сіз қаржылық жағынан өзіңізді жайлы сезінсеңіз де, ақшаңыздың қайда кетіп жатқанын, мысалы, ай сайынғы шығындарыңыз қандай екенін және қанша қарызыңыз бар екенін білуге ​​тырысыңыз. Мұның бәрі болашақта үлкен қаржылық мәселелерді болдырмауға көмектеседі.

5. Жинаушыысырапшы

Мұндай адамның  белгілері:

• Сізде ақша жинаушыларға да, ысырапшыларға да тән ортақ ерекшеліктер бар.

• Сіз көп ақша жинап, кенеттен қаржыңызды оңды-солды жұмсай бастайсыз.

• Сіз жинақтаған қаржыңызды қажет емес немесе сирек қолданылатын заттарды сатып алуға жұмсауыңыз мүмкін.

Қиындықтары: мұндай асыра жинақтаудан асыра жұмсауға дейінгі ауытқулар адамды сезім тұрғысынан жүйкесін жұқартуы мүмкін. Бұл адамдар көбінесе ақшаны үнемдеу үшін көп жұмыс жасайды және ақшаны тез жұмсап қойғандықтан өзіне сенбеушілік пен күйзелістен зардап шегеді.

Ақша туралы кеңес: компульсивті ысырапшылдар сияқты, жинаушы ысырапшыл қаржыны не үшін жұмсайтыны туралы сирек ойланады. Кез келген ірі затты сатып алудан бұрын, өзіңізді келесі аптада немесе екі аптадан кейін қалай сезінетініңізді елестетіп көріңіз. Өз қаржылық мақсаттарыңызды ұмытпаңыз.

6. Ойыншы

Сіздің ойыншы екеніңізді көрсететін белгілер:

• Сізде табыс табушы мен ысырапшыға ортақ ұқсастықтар бар.

• Тәуекел мен сыйлық жеңіп алу кезіндегі толқу тез жоғалып кетсе де, өз алдына бір ләззат.

• Кейде ішіңіз пысып, зеріккеннен де ақшаңыздан ұтылып қаласыз.

Қиындықтары: Ойыншылар күтпеген қиындықтармен немесе үлкен шығындармен жиі кездеседі. Ең айқын қауіп – бұл құмар ойынын ойнау және оның бақылаудан шығып кетуі, ойынға адамдар зейнетақы қорындағы ақшасын немесе балаларының білім алыуна деп жинаған ақшасын жұмсап жіберуі мүмкін.

Ақша туралы кеңес: Мақсат –  өзіңізге мұқият болу және қаржылық тәуекелдерге қатаң назар аудару. Баланс пен қауіпсіздікті сақтау маңызды, сондықтан қаржылық шешімдерді қабылдаудан бұрын, ай сайын біраз ақша сомасын артқа қалдырып отыруды бастаңыз.

7. Мазасыз

Мазасыздықтың белгілері:

• Сіздің қанша ақшаңыз бар екені маңызды емес –  сіз оны кез келген уақытта жоғалтып алуым мүмкін деп үнемі алаңдайсыз.

• Сіз қаржылық еркіндікке қол жеткізе алатындығыңызға сенбейсіз.

• Ақшаңыз таусылып қалса не болатыны туралы тек ең нашар болжамдар ғана жасайсыз.

Қиындықтары: Егер сіз болашаққа дайын болмасаңыз, алда не күтіп тұрғанын білу, әрине, пайдалы. Бірақ уайым мен бос абыржу сәттілігіңізге зиян тигізуі мүмкін.

Ақша туралы кеңес: Ақша туралы сөйлескенде жағымды жақтарын іздеңіз. Қаржылық уайымдарыңыздың қайдан шыққанын түсінуге тырысыңыз. Қажет болса, бұл үшін қаржылық кеңесшінің немесе терапевттің көмегін қолданыңыз.

Осы айтылған ақшамен қарым-қатынастың түрлері сіздерге де ой салып, өзіңізге басқаша қарауға мүмкіндік берді деп сенеміз.

Дайындаған Бақытжан Салихов

1224
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *