Балық қосылған бәліш

Сізге керек:

  • 1 ас қасық ашытқы
  • 1 шәй қасық қант
  • жарты стақан жылы су
  • 3 үлкен пияз
  • «морской язык» балығының үлкен тілімі
  • 1 түйір сарымсақ
  • су (шамамен 6 ас қасық)
  • тұз / қара бұрыш
  • жарты стақан жылы айран
  • 1 жұмыртқа
  • 150 гр сары май
  • ұн

Дайындалу жолы:

Ашытқы, қант пен суды араластырып, ашытқы көтерілгенге дейін үстін жауып қойыңыз.

Пиязды жарты шеңберлеп тураңыз. Табаға май құйып қуырыңыз.

Балықты төртбұрыштап турап, пиязбен аздап қуырып алыңыз, араластырыңыз.

Сарымсақты майдалап турап, қосыңыз. Тұздап, бұрыш себіңіз. Аздап су қосып бұқтырыңыз.

Көтерілген ашытқыға сары май, айран мен жұмыртқа, сонан соң ұн қосыңыз. Қолға жабыспайтындай етіп қамыр илеңіз. Бетін жауып, 30 минуттай жылы жерге қойыңыз.

Майланған ыдыстың ішіне қамырды жайыңыз. Оның үстіне балықтан жасалған салманы салып, бетін қамырмен жабыңыз. Бәліштің бетіне жұмыртқаның сарысын жағып, қара тмин сеуіп қойыңыз.

200С ыстық пеште (духовка) үсті қызарғанға дейін пісіріңіз.

Ас болсын!

Дайындаған https://aspazdik.wordpress.com/

182
Share

от bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *