Джек Уэлч

Джек Уэлч — америкалық инженер, топ-менеджер және 1981-2001 жылдар аралығында General Electric (GE) компаниясын басқарған, аты аңызға айналған бизнесмен. Оның жетекшілігінің арқасында жиырма жыл ішінде  GE компаниясының жалпы құны 30 есеге жуық өсті — 14 миллиард доллардан 410 миллиард долларға дейін.

Уэлчтің GE-ден кеткеннен кейін шығарған өмірбаяны — «Джек. Менің GE-дегі жылдарым» (кейінгі орысша басылымында «Менеджердің хикаясы» деп аталған) — бірден бестселлерге айналды, бүкіл әлем бойынша миллионнан астам данасы сатылды.

Уэлч өзінің әйелі Harvard Business Review журналының бұрынғы бас редакторы Сюзимен бірлесіп тағы екі кітап жазып шыққан: “MBA дәрежесінің орнына. Аты аңызға айналған менеджерлердің пайдалы кеңестері» және «Қазіргі бизнес туралы 74 басты сұраққа жауап».

Уэлч бюрократия мен әртүрлі формализмге төзбеушілігімен, сондай-ақ максимализмімен танымал болған. Ол кез келген компания өзінің нарық сегментінде бірінші немесе екінші болуы керек, әйтпесе оны сатып жіберуге болады деп есептеген. Уэлч нашар өнімділік көрсеткен адамдарды еш ойланбастан жұмыстан шығарып жіберетін болған. Қаталдығы үшін ол «Нейтрон Джек» деген лақап атқа ие болған: Уэлч бос ғимараттарды қалдырып, адамдарды нейтрон бомбасы сияқты «тып-типыл» қылған.

Дегенмен, кейбір сарапшылар Уэлчті тұрақтылықты ұнататын көшбасшының «біртіндеп өзгеру» деп аталатын түріне жатқызады.

«Мұндай басшылар кенеттен және күрт өзгерістерге шақырмай-ақ, жағдайды біртіндеп жақсартады. Олар жақсы идеяларды керемет идеяларға айналдырады », — деп жазады Inc.

Уэлчтің өзі көшбасшы ретінде эмоционалды интеллектті өте жоғары бағалаған. «Эмоционалды интеллект, сөзсіз, кітап оқып жинаған білімге қарағанда сирек кездеседі, бірақ менің тәжірибем ол көшбасшыны қалыптастыруда әлдеқайда маңызды екенін көрсетеді. Оны елемеуге болмайды», — дейді ол.

111
Share

от bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *