Есейсеңіз де жинақ сандықшасын ашудың 7 себебі

Ақша жинаудың ең ескі әдісі не болғанын нақты білмесек те, ақша жинайтын сандықшалар балалық шағымызда бәрімізде болғаны анық. Бұл ескі жинақтау әдісі қазіргі пластикалық карталар мен виртуалды төлемдер дәуірінде де пайдалы екенін атап өтейік.

1. Сіз балаларыңызға жақсы үлгі көрсетесіз.

Жинақ жасау қабілеті – бала кезінен үйрену қажет маңызды дағдылардың бірі. Ал оқу-тәрбие үрдісінде ең жақсысы сөзіңізді іспен дәлелдеу. Жинақ ыдысына немесе сандықшасына үнемі тиын-тебен салып отырыңыз да, балаларыңызға қалай үнемдеуге болатыны және неге бір сәттік ақша жұмсаудан бас тартқаныңыз туралы айтып беруді ұмытпаңыз. Осылай  істесеңіз балаларыңыз жинақтау жолын жақсы түсінетіні сөзсіз.

Жинақ сандықшасы арқылы балаңызды тек қана үнемшілдікке үйретіп қана қоймайсыз. Сонымен қатар жанұяңыздың барлық мүшелеріне де ысырапшылықпен қалай күресуге болатынын көрсете аласыз.

2. Сіз ақшаның қалай жиналып  жатқанын бақылай аласыз.

Телефонда естелік жазба жазуға арналған қосымшалардың көптігіне қарамастан, адамдар дәптер мен қаламды пайдалануды жалғастыруда, өйткені қолмен жазу тез әрі тиімді. Жинақ сандықшасы сізге ақша үнемдеудің классикалық әдістерін түсінуге көмектеседі.

Жинақ шотындағы ақша көбейгенде жаныңызға жағымды болатынын айтпай-ақ қойсақ болады. Бірақ тиындар мен қағаз ақшаға толы жинақ сандықшасы – бұл көз көріп, көңіл тойдыратын көріністің басқа деңгейі. Оның үстіне мақсат та айқын: ыдыс толғанша ақша жинау. Бұл мақсат пен тәсіл ақша жинауға деген  жағымды жалын қосатыны да рас.

3. Сіз қаржының көзге көрінбейтін бөлігін бақылауға аласыз.

Тиын ақшалар әдетте үйдің барлық жерлерінен табылады –  үстел үстінде, төсектің астында, кір жуғыш машинаның барабанында, қалтадан түсіп, шашырап жатуы мүмкін. Оларға ешкім көңіл бөлмейді де, кейде ұсақ деп, ақша екен деп те қарамайсыз.

Сондықтан сіз тиын-тебенді жинақ сандықшасына салғанда, олар өз ақша күйіне қайтаралып, жинауға тұрарлық затқа айналады.

4. Жинаған ақшаңызға қымбат зат сатып алуға болады.

Бұл тармақ алдыңғыдан туындайды. Әдетте, тиындарды ақша құрлы көрмейді, өйткені оларға ештеңе сатып ала алмайсыз. Алайда сіз оларды қалтаңыздан жинақ  сандықшасына салуды  ережеге айналдырсаңыз, біраз уақыттан кейін лайықты соманы жинағаныңызды көресіз.

Мүмкін ол ақшаға пәтер сатып ала алмассыз, бірақ сіз көптен ұнатқан, бірақ ақша жетпеген жаныңызға жағымды затты сатып ала аласыз.

5. Бұл — қиналмай үнемдеудің жолы.

Ешкім бірден қалтасында қанша тиын ақша бар екенін айта алмайды. Өйткені әр адам қағаз ақшаны майдалаған соң оларға көңіл аудармайды. Сондықтан тиын ақшаны сандықшаға немесе жинақ ыдысына салғанда сіз өзіңізді ешқандай шығын шығармағындай сезінесіз. Майда ақша сіз үшін бәрібір ақша емес қой!

6. Қажет болғанда қолыңызда әрқашан қолма-қол ақша болады.

Қазіргі заманда көптеген адамдардың әмиянында бірнеше  банк картасы бар болса да, қолма-қол ақшасы жоқ болуы мүмкін. Өйткені банкоматтар мен терминалдар барлық жерде бар дерлік. Мәселе үйге тамақ немесе басқа заттар жеткізуге тапсырыс берген кезде туындауы мүмкін. Банкоматқа бару ақымақтық, өйткені үйге тапсырыс жеткізу пәтерден шықпау үшін шақырылады ғой. Ал сіздің жинақ сандықшаңызда майда қағаз не темір ақшалар бар болуы мүмкін.

Әрине курьерге майда ақша беру ыңғайсыз, бірақ банкомат іздеп сыртқа шығу одан да ыңғайсыз .

7. Сіз ақша жинауды ойынға айналдырасыз.

Ақша жинақтау – бұл әлемдегі қызығы мол қасиеттердің бірі емес. Жинақтау сандықшасының сыртқы түрі ерекше болса, ол аз да болса жинау үрдісін қызықты етеді. Сіздің мақсатыңыз – ыдысты ақшаға аузы-мұрнынан шыққанша толтыру немесе белгілі бір соманы жинақтау. Сондықтан өз ойыныңыздың ережелерін ойлап таба аласыз. Мысалы, жинақ ыдысына күн сайын кем дегенде 100 теңге салыңыз. Ойын барысында сіз тапсырманы орындаудан қанағаттанасыз. Ал ойынның соңында сізді жүлде күтіп тұр – ыдыс толы ақша – сіздің жүлдеңіз.

557
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *