Көпміндеттік ережелері

Көпміндеттік ережелері: бір уақытта бірнеше істі қалай тиімді орындауға болады?

Көпміндеттік, яғни бір уақытты бірнеше істі орындауға тырысу, бұл адамдардың жұмысты тиімді және тез ұйымдастыруды қалауларынан туындайды. Бірақ көп сынға ұшырайды, тіпті кейде орынсыз сынға алынып жатады.

Мәселе сіз бірден бірнеше нәрсені істеп жатқаныңызда емес, осыны істей алуды үйренбегеніңізде.

Соңғы жылдары көпміндеттіктің тиімділігі туралы көптеген пікірталастар туды. Өнімділік бойынша сарапшылар екі немесе одан да көп нәрсені бір уақытта жасауға тырысу нашар нәтижеге және аяқталмаған істерге әкеледі деп санайды. Нәтижесінде ешбір жұмысқа назарыңыз тоқталмай, көп істі бітірудің орнына азырақ жұмыс жасайсыз. Ақыр соңында шектен тыс нәтижеге де, тіпті жай лайықты деп саналатын нәрсеге де қол жеткізе алмайсыз.

Бірақ мәселе көпміндеттікте емес шығар. Мүмкін сізг назарыңызды шоғырландырып, жақсырақ жоспарлауды үйренуіңіз керек шығар.

Егер сіз зейін қоймасаңыз, өзіңізді үздік жағыңыздан көрсете алмайсыз. Сіз аңызға айналатын нәтижеге жете алмайсыз. Бірақ бұл көпміндеттіктен  біржола бас тарту керек дегенді білдірмейді. Мүмкін сізге шын мәнінде көбірек істеп қана қоймай, оны жақсырақ істеу үшін не істеп жатқаныңызды жақсырақ жоспарлау керек болар. Сізге күн сайын көбірек жұмыс істеуге көмектесетін жоспар жасау қажет болуы мүмкін.

Мұнда гипер-көпміндетті жұмыс істеуге және керемет тиімді нәтижелерге жетуге көмектесетін кейбір идеялар берілген.

1. Келесі аптаға, айға және тоқсанға басымды тапсырмалар мен үлкен мақсаттар қою үшін апта сайын біраз уақыт бөліңіз.

2. Күні бойы болашақ істелетін тапсырмалар туралы хабарландырулар алу үшін, еске салғыштарды орнатыңыз. Телефоныңызға күні бойы сіз үшін нақты әрекеттер мен тапсырмаларды еске салуына, айтуына мүмкіндік беріңіз.

3. Бір сағаттық стандартты кездесулеріңізді 20 минутқа дейін қысқартыңыз және уақытыңызды талап ететін кез келген адамға ерте кететініңізді айтыңыз.

4. Todoist, Wunderlist немесе Asana сияқты қосымшаларды жүктеп алыңыз, олар сізге бірнеше минут бос уақытыңыз болған кезде кейбір майда істерді жүзеге асыруға көмектеседі.

5. Бір күндік істер тізіміне нені қойсаңыз, соны орындауды ережеге айналдырыңыз. Кейінге қалдырудан аулақ болыңыз — оны мықты жігермен қабылдаңыз.

6. Күнтізбеңізді күннің әртүрлі уақытында кімге қоңырау шалатыныңызды және не істейтініңіздің күнделігі ретінде пайдаланыңыз. Бұл болашақ істерді есте сақтауды жеңілдетеді.

7. Назарыңызды толығымен қажет ететін маңызды жоба басталған кезде, барлық хабарландыруларды өшіріңіз.

8. Қызықсыз және күнделікті іскерлік тапсырмалармен жұмыс істегенде, миыңызды бос ұстау үшін музыканы, теледидарды немесе басқа фондық шуды пайдаланыңыз.

9. Ағымдағы жобаның әртүрлі бөліктерімен жұмыс істеу үшін бірнеше компьютерді немесе экрандарды пайдаланыңыз.

10. Тапсырмаларды тиімді және жүйелі түрде орындау қабілетіңізге сай күнтізбедегі істер тізімінің ұзақтығы мен кездесулер санын өзгертіңіз.

11. Электрондық хаттарға жауап беріңіз, оларды мұрағаттаңыз немесе оқылғаннан кейін 30 секунд ішінде “іске асыру керек” белгісімен белгілеңіз. Оларды мүмкіндігінше тезірек шетке жылжытыңыз.

Егер сіз бірден бірнеше нәрсені жасасаңыз, бұл сіз тырыспайсыз және нәтиже бермейсіз дегенді білдірмейді. Мүмкін сіздің үлкен мақсаттарыңыз сізден айналаңыздағы адамдарға қарағанда көбірек іс атқаруды талап ететін шығар. Сондықтан қаһармандықпен әрекет етіңіз. Көпміндеттіктің чемпионы болыңыз.

Түпнұсқа — danwaldschmidt.com

547
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *