Мақсат әр адамға керек. Оны кез келген уақытта жазуға болады. Бірақ көбінесе Жаңа жыл алдында, туған күн алдында жазып жатады. Жаңа жыл жаңа өмірге бастау сияқты қабылданады. Бірақ көбінесе Жаңа жылда жазылған мақсаттар жүзеге аспай жатады. Оның түрлі себептері бар. Дегенмен бірінші қадамды мақсатты дұрыс тұжырымдаудан бастау керек.
Мақсатты қалай дұрыс тұжырымдау керек?
Мақсат қояр кезде мына нәрселерді ескеріңіз:
- Мақсатыңыз нақты болуы керек.
- Мақсат қол жететіндей болуы керек, яғни жүзеге аспайтын нәрсені мақсат қылып қоймаңыз.
- Мақсатыңыз өлшенетіндей болуы керек.
- Мақсатқа жету әдістері мен құралдары туралы оқып алыңыз.
- Мақсатқа жету әдістері мен құралдары сіздің бақылауыңызда болуы керек.
- Мақсат белгілі бір уақыт ішінде анықталуы керек.
- Мақсатыңыз айналаңыздағы адамдардың қажеттіліктеріне кедергі келтірмеуі керек.
- Мақсат позитивті түрде тұжырымдалуы керек.
Ал сіз мақсатты қалай тұжырымдайсыз?
914