Орман ортасындағы лифт: әлемдегі ең биік сыртқы көтергіш қалай пайда болды?

Қытайда Чжанцзяцзе деп аталатын ұлттық орман саябағы бар. Ашылғанына онша көп уақыт болмаса да, ол – туристер арасында кең танымал. Алайда олар Чжанцзяцзяньге көбінесе сұлу табиғатына бола ғана емес, ғаламшардағы ең биік сыртқы көтергіш – үлкен жартасқа жабысып тұрған «Жүз айдаһар» лифтін көру және оған міну үшін келеді.

Чжанцзяцзе ұлттық орман саябағы Қытайдың оңтүстік аймағындағы Хунань провинциясының солтүстігінде орналасқан, ол 1982 жылы ашылған мелекеттегі алғашқы осындай нысан. Он жылдан кейін ол ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілді. Парк өзінің жартастарымен танымал – құмтас пен кварцтан тұратын тірек-шыңдар: барлығы үш мыңға жуық, ал олардың үштен бір бөлігінің биіктігі 200 метрден асады.

Қызықты дерек: ең биік жартастардың бірі (1080 метр) бастапқыда «Оңтүстік аспан бағаны» деп аталды, бірақ 2010 жылдың қаңтарында әйгілі «Аватар» фильмінің құрметіне оның атауы ресми түрде «Аватар-Аллилуйя тауы» деп өзгертілді. Фильмнің авторлары ұшатын жартастарды жасауға Чжанцзяцзе орман саябағының ландшафттарынан да шабыт алғанын айтқан.

Туристерді бақылау алаңына апаратын сыртқы лифт жобасы алғашқы қытайлық орман саябағының барлық сұлулығын көру үшін жасалған. Бұған дейін Чжанцзяцзенің қонақтары оған жету үшін бір күн жұмсауға мәжбүр болды.

Сонымен қатар, көп туристер артына қоқыс тастап, тіпті кейбіреулері одан әрі жолға шығу үшін түнеу мақсатымен шатыр тігіп, жұртқа қолайсыздық тудырған.

Сондықтан көтергіштің құрылысы ең жақсы шешім болып шықты. Алғашқы жұмыстар 1999 жылы басталып, үш жылдан астам уақытқа созылды. Нәтижесінде, Чжанцзяцзы Bailong Elevator компаниясы шығарған ең жоғары салмақты көтере алатын  ең жылдам және ең жоғары ашық жолаушылар лифті пайда болды. Бұл орасан күрделі жобаның құны 126 миллион юаньды құрды.

Құрылыс барысында компания лифтті барынша тиімді етуге және сонымен бірге кез келген ықтимал қауіптерді ескеруге тырысқан. Осылайша, жұмысшылар коммуникация мен жалпы инфрақұрылымды орналастыру үшін бірнеше шахтаны тесіп, туннельдер қазуға мәжбүр болды. Соңғысын төтенше жағдайларда – мысалы, жер сілкінісі кезінде адамдарды құтқару үшін де пайдалану көзделеді. Максималды қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық ықтимал қауіптерді зерттеу үшін 2002-2003 жылдары лифт он ай бойы жұмыс істемеді.

Барлық жұмыстардың нәтижесі жалпы биіктігі 305 метрге жететін көтергіш болды, ол шыны қабырғалары бар екі қабатты үш кабинамен жабдықталған. Лифтпен көтерілу мен түсу кезінде саябақтың сұлу көрінісін тамашалауға мүмкіндік бар. Әр кабинаға бір уақытта елу жолаушы кіре алады және жол жүру уақыты шамамен екі минут. Жалпы алғанда, лифттің өткізу қабілеті тәулігіне 18 мың адамға жетеді. Рас, лифтке отыру үшін кейде төрт сағатқа дейін кезек күтуге тура келеді, бірақ бұл Bailong Elevator пайда болғанына дейін көтерілетін жұрттың санынан аз.

Дегенмен, лифттің барлық артықшылықтарына қарамастан, оның көптеген қарсыластары да бар. Олардың пікірінше көтергіш Чжанцзяцзе ұлттық паркінің табиғи ландшафын бұзып, бір тірек-жартастың табиғи көркіне зақым келтірген. Чжанцзяцзы туризм бюросының вице-президенті Ю Гуоксин бір кездері осы пікірге былай деп жауап берген: «Біз осындай керемет сұлу табиғаттың көмегімен табыс тауып өмір сүруіміз үшін белгілі бір ымыраға келуіміз керек».

Дайындаған Бақытгүл Салыхова

187
Share

от bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *