Робот өмірімізге жан-жақты салаға кіріп жатқанын білеміз. Ал енді Робот-прокурор болуы мүмкін бе?

Қытай ғалымдары цифрлы, яғни робот-прокурор ойлап тапты деген жаңалық оқыдық.

Ғалымдар дайындаған жасанды интеллект 97% дәлдікпен істің ауызша сипаттамасын пайдалана отырып, айыптау қорытындысын жасай алады екен.


Технология авторлары мұндай жасанды интеллект прокурорлардың күнделікті жүктемесін азайтады және нағыз прокурорлар күрделі істерге назар аудара алады деп сенім білдіреді.


Жасанды жүйені 17 000-нан астам іс бойынша оқытып, үйреткен және қазір ол Шанхайдағы ең көп таралған сегіз қылмысты іс бойынша айыптау шығара алады. Бұл сегіз қылмыстың ішінде қасақана жарақаттау, ұрлық пен алаяқтық та бар екен.


Ал енді технология мүмкіндіктері шектен шықты деп айта аламыз ба?

546
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *