Сильви Гильем
Балет тарихында алғаш рет «Six o’clock» «сағат алты» деп аталатын аяқты тік көтеру позасын жасаған, яғни тік шпагат жасаған, француз балет шебері этуаль Сильви Гильем еді.
Ол беделді Rolex-тің бет-бейнесі болды және әйгілі брендтің әйелдерге арналған қымбат сағаттарын жарнамалады.
Сильви Гильем (1965 жылы 25 ақпанда туған)- таңғажайып харизманың, мінсіз техниканың, ізденімпаз ойдың иесі, оған қоса мүлдем ешнәрседен қорықпайтын балерина.
Бала кезінен бастап Сильви Гильем көркем гимнастикамен айналысады, анасы оны Франция Олимпиада құрамасына дайындаған. 1976 жылы, Сильви 11 жасқа толғанда, өзіне балет әлемін ашады және оны Париж опера балет академиясының көркемдік жетекшісі Клод Бесси өз сыныбына қабылдайды. Бесси қыздың ерекше физикалық мүмкіндіктерін бірден байқап, балетте тамаша болашағы болатынын болжайды.
1981 жылдан бері оқушы болса да Сильви Опера Гарньедегі балет қойылымдарына қатысады, бірақ қабылданған тәртіпке сәйкес академияны бітіргеннен кейін труппаның балет құрамына кіреді. Екі жылдан кейін Сильви Варнадағы балет әртістерінің халықаралық байқауының лауреаты атанады және 1984 жылдың 24 желтоқсанынан бастап ол труппаның бірінші солисті лауазымына ауысады. 1984 жылдың 29 желтоқсанынан бастап Сильви «Этуаль» деп аталады.
19 жасында ол Париж операсының примасы болды және оның қоштасу спектаклі 2015 жылдың 31 қаңтарында өтті.
Марапаттары
1983 — Болгарияның Варна қаласында өткен балет әртістерінің халықаралық байқауында Варна жастар ұйымының арнайы жүлдесін алды.
1984 — Карпо шеңбері сыйлығы, Париж.
1988 жыл — Андерсен сыйлығының үздік биші әйелі, Копенгаген.
1988 — Grand Prix National de la Danse, Париж.
1988 ж. — Өнер және әдебиет орденінің қолбасшысы, Париж.
1989 жыл — Анна Павлованың Гран-приі (Grand Prix Pavlova).
1993 ж. – Париж қаласының алтын медалі
1994 — Құрмет легионының қолбасшысы (президент Миттеран құрған).
1994 ж. — Бенуа би сыйлығының үздік бишісі (Уильям Форситтің Герман-Шмерман балетінде әйел рөлін сомдағаны үшін, Корольдік балет)
1999 ж. — Ұлттық Құрмет орденінің шевалері.
2000 — Gente Dame d’Honneur des Hospitaliers de Pomerol
2003 — Британ империясы орденінің құрметті қолбасшысы (королева Елизавета II ұсынған)
2009 жылы — Құрмет легионының офицері.
2016 жылдың қаңтарында — 2015 жылғы маусымға арналған Англия сыншылар шеңбері сыйлығы: Үздік жетістіктері үшін Валуа сыйлығы берілді.
2017 — «Өнердегі өмір үшін» номинациясы бойынша Бенуа би сыйлығы