Сократтың үш елегі туралы оқыған боларсыздар. Ал мен бүгін ғана оқып қазақшаға ауларып бергім келіп отыр. Сонымен

Сократтың үш елегі

Бір нәрсені жазбас бұрын немесе бөліспес бұрын Сократтың үш елегі туралы есіңізге алыңыз:

Бір адам Сократқа былай депті:
— Сен туралы досыңның маған не айтқанын білесің бе?
— Тоқта, — депті Сократ, — алдымен айтқың келген нәрсені үш електен өткіз.

— Үш елек?
— Бір нәрсені айтпас бұрын, оны үш рет сүзгіден (електен) өткізу керек. Алдымен шындық сүзгісінен өткіз. Айтқың келген нәрсенің шын екеніне сенімдімісің?
— Жоқ, мен тек қана естідім.
— Яғни, сен оның шын не өтірік екенін білмейсің. Онда екінші елек — мейірімділік елегінен өткізейік. Сен менің досым туралы жақсы нәрсе айтқың келіп тұр ма?
— Жоқ, олай емес.
— Яғни, сен шын не өтірік екеніне қарамастан досым туралы жаман нәрсе айтқың келіп тұр. Енді үшінші електі қолданайық, ол пайда дегенмен байланысты. Сенің айтқың келген нәрсеңді менің естуім соншалықты қажет пе?
— Жоқ, сондай қажет емес.
— Сонымен сенің айтқың келіп тұрған нәрсеңде шындық та, мейірімділік те, пайда да жоқ. Онда оны айтып не керегі бар? -деп қорытындылапты Сократ.

Алматы,

25.07.2014

505
Share

от bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *