Халықаралық балет күні

Нақты күн белгіленбеген, әр жылда әртүрлі күге сәйкес келеді. Бірақ қазан айында аталып өтеді. Биыл, яғни 2021 жылы бұл күн — 19 қазанға сәйкес келген.

Негізі  1982 жылдан бері балет өнерінің майталмандары өз мерекесін  29 сәуірде атап өтетін, бірақ бұл күн би өнеріне қатысы барлардың мерекесі еді және Халықаралық би күні деген атаумен белгілі. Бұл мереке қазір де бар.

Балет өнерін насихаттау мен танымал ету мақсатында Ұлыбританияда  Ковент-Гарденде ерекше идея пайда болады. Ковент-Гарденд залдарында камералар орналастырып Ұлыбританияның Король балетінің дайындалу сәтін интернет және әлеуметтік желілер арқылы  көрсетеді. Бұл акция көрермендерге қатты ұнап, бір күннің ішінде жарты миллионнан аса көрермен тамашалайды!

Сондықтан 2014 жылдан бері осы шара жылда өткізіледі. Лондон Король балетіне әлемнің белгілі балет топтары да қосылды: Мәскеу Үлкен театры, Мельбурн Австралия балеті, Монако, Амстердам, Сан-Франциско, Торонтодағы Канада Ұлттық балеті. Бірінші трансляция 9 сағатқа созылды.

Ал енді Халықаралық балет күнінде (World Ballet Day) кез келген адам балетке дайындық кезін көре алады. Онлайн трансляция 20 сағатқа дейін созылады. Көп адам осы арқылы балет әлеміне көз жүгіртіп, сахнадағы қойылымның көптеген сағаттар мен еңбектің, үзіліссіз дайындықтың нәтижесі екенін көре алады. Көрермендер балет өнерімен айналысатын мамандарға деген құрмет пен сыйластығын білдіреді.

484
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *