Халықаралық қол жуу күні

Бала кезіңізде «Тамақ ішер алдында, қолыңды жу!» деген сөздерді ылғи естіген боларсыз, ал қазір өзіңіз де айтып жүргеніңіз сөзсіз.

Лас қол арқылы организмге түрлі ауру таралуы мүмкін екенін бәріміз білеміз. Ал соңғы жылдары коронавирус инфекциясы COVID-19 кең тарағандықтан, қол жуу тәртібі де онан сайын маңызды бола түсті.  

2008 жылы БҰҰ Балалар қоры 15 қазан күнін ресми түрде Халықаралық қол жуу күні (Global Handwashing Day)  деп жариялады. Сол күні әлемнің  70 еліндегі 120 миллион бала қолын сабынмен жуды.

Әрине, қол жуу немесе жумау әр адамның жеке басының ісі, тазалақты сүюіне және тәрбиесіне  байланысты. Бірақ әлемдік деңгейде қарастырсақ қол жумау мәселесі апат деңгейіне дейін шығуы мүмкін екенін мамандар жан-жақтан айтуда.

Қол жумаудың кесірінен адам организміне тырысқақ, вирустық пневмония, гепатит, тұмау, суық тию, конъюнктивит, қышыма сияқты ауруларды тудырушылар енеді. Лас қолдар — Азия мен Африкадағы сәбилер өлімінің негізгі себептерінің бірі.

ЮНИСЕФ мәліметтері бойынша, күн сайын бес мың бала диареядан қайтыс болады, оны «лас қол ауруы» деп те атайды. Егер балалар тамақтанар алдында және дәретханадан кейін қолдарын сабынмен мұқият жуса, бұл өлімнің жартысын болдырмауға болар еді.

Сондықтан қол жуу сияқты оңай процедура күнде мыңдаған баланың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді.

Қол жуу тек қана вирус пен инфекцияларға қарсы тұруға көмектеспейді, сонымен бірге адамдардың өмірін таза, жайлы, және қауіпсіз етеді.

133
Share

от bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *