Шоколад маффиндері

Сізге керек

  • 150 гр жұмсартылған сары май
  • 150 гр ұн
  • 100 гр қант
  • 2 жұмыртқа
  • 1 ас қасық кілегей
  • қопсытқыш
  • 100 гр шоколад

Дайындалу жолы

Барлық заттар бөлме температурасында болуы керек. Сол үшін оларды алдын ала тоңазытқыштан шығарып дайындап қойыңыз.

Ұн, қопсытқыш, қант пен сары майды қолмен араластырыңыз. Кілегей мен жұмыртқа қосыңыз. Қаймақ сияқты жұмсақ әрі біркелкі болғанға дейін қоспаны үздіксіз араластырыңыз.

Маффиндерді пісіретін ыдыс пен арнайы қағаздарды дайындап қойыңыз. Шоколадты ірілеп тураңыз. Бір қасық қамыр, үстіне шоколад, сосын жарты қасық қамыр салып, маффин қамырын ыдыс ішіне бөліп салыңыз.

180С ыстық пеште үсті қызарғанға дейін (25 минуттай) пісіріңіз.

Ас болсын!

259
Share

от bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *