Шпинат қосылған макарон

Сізге қажет:

  • 250 гр макарон
  • 250 гр жас шпинат (консервіленген болса да болады)
  • черри қызанағы
  • ірімшік
  • 5 тал сарымсақ
  • 1 пияз
  • 100 гр шамасында кілегей (сливки)

Дайындау жолы:

Макаронды тұзды суға салып, қайнатыңыз. Табаға май құйып, майдалап туралған пияз бен сарымсақты қуырыңыз. Енді жуылып кептірілген шпинатты қосып, табаның үстіне жайып қойыңыз. Табаның ыстығымен шпинаттың көлемі азайған кезде, бәрін араластырыңыз. Қалауыңызша тұз бен бұрыш қосыңыз. Енді аздап сүт немесе кілегей қосыңыз (қоспасаңыз да болады). Піскен макаронды суын төгіп, табаға салыңыз. Енді екіге бөліп туралған қызанақты қосып, бәрін қайта араластырыңыз. Үстін жауып тағы 5 минуттай пісіріңіз. Үстелге қояр алдында, макаронның үстіне үгітілген ірімшік сеуіп қойсаңыз күшті болады.

Өте дәмді!

Ас болсын!

Дайындаған https://aspazdik.wordpress.com/

494
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *