Сізге қажет:

  • 300 гр сиыр еті
  • 2 стақандай жасыл бұршақ
  • бір уыс брокколи
  • көк пияз
  • сарымсақ
  • томат пастасы
  • тұз, бұрыш
  • 50-70 гр күріш

Дайындалу жолы:

Етті мұздай суға салып қайнатыңыз. Көбігін алып тастауды ұмытпаңыз. Тұздаңыз.

Сарымсақ пен көк пияздың ақ жағын турап, майға қуырыңыз. Дайын көк бұршақты қосып бәрін бірге қуырыңыз. Томат пастасын қосып, талғамға қарай тұздап, бұрыштаңыз.

Піскен етті сорпасынан шығарып, тураңыз. Туралған етті және қуырылған бұршақты сорпаға қосып, пісіріңіз. Дәмін көріңіз, керек болса тағы тұздаңыз. Брокколиді қатты майдаламай тураңыз да, күрішпен бірге сорпаға қосыңыз. Күрішті сортына қарай брокколиден бұрын не кейін қосыңыз, өйткені өте тез пісетін күріш түрлері де бар.

Соңында көк пияздың жасыл жағын турап сорпаға қосып, ыстықтай дастарханға ұсыныңыз.

Ас болсын!

803
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *