Эмоционалды интеллектің төмен болуының 11 белгісі

«Эмоциональды интеллект 2.0» кітабының авторларының бірі және TalentSmart компаниясының президенті Трэвис Брэдберри » Эмоционалды интеллектің төмен болуының 11 белгісі» мақаласында қандай белгілерге назар аудару керектігі туралы кеңес береді.

«Эмоционалды интеллект» (EQ) ұғымы орташа IQ деңгейі бар адамдар IQ жоғары адамдарға қарағанда 70% табысты екендігі туралы ерекше жаңалықты  түсіндіретін құбылыс. Бұл бір қарағанда қисынсыз жаңалық “IQ табыстың жалғыз көзі” деген кең таралған сенімге үлкен күдік келтіреді. Ондаған жылдар бойы жүргізілген зерттеулер эмоционалды интеллект табысты адамдарды басқалардан ерекшелейтін ең маңызды фактор деген қорытындыға әкелді.

«Эмоционалды интеллект, сөзсіз, кітап оқып табылған білімге қарағанда сирек кездеседі, бірақ менің тәжірибем ол көшбасшыны қалыптастыруда әлдеқайда маңызды екенін көрсетеді. Оны елемеуге болмайды », — дейді Джек Уэлч.

Эмоционалды интеллект — бұл біздің әрқайсымызда бар, бірақ аздап сезілмейтін «бір нәрсе». Ол біздің мінез-құлқымызға, әлеуметтік қиындықтарды жеңуге және шешім қабылдауға әсер етеді. EQ-дің маңыздылығына қарамастан, оның материалдық емес табиғаты сізде оның бар екендігін және егер оның деңгейі төмен болса, өнімділікті жақсарту үшін не істей алатыныңызды анықтауды қиындатады.

Өкінішке орай, жоғары сапалы, ғылыми негізделген EQ тесттері тегін жасалмайды (бірақ сіз, мысалы, «Эмоционалды интеллект 2.0» кітабындағы тестті пайдалана аласыз). Мен TalentSmart тексерген миллионнан астам адамның деректерін талдап, EQ деңгейі төмен адамдарды ерекшелендіретін мінез-құлықтарды анықтадым. Бұл мінез-құлықтарды өз өміріңізден алып тастауыңыз керек.

1. Сіз күйзеліске оңай берілесіз.

Сезімдер жинақталып қалған кезде, олар тез шиеленіс, күйзеліс және алаңдаушылықтың ыңғайсыз сезімдеріне айналады. Нақты бір нәрсеге бағытталмаған эмоциялар ес пен денені шаршатады. Эмоционалды-зияткерлік дағдылар күйзелісті басқаруға көмектеседі, бұл қиын жағдайларды олар шегіне жеткенге дейін анықтауға және олардың шешімін табуға мүмкіндік береді.

Эмоционалды интеллект дағдылары жоқ адамдар көңіл-күйді басқарудың басқа, тиімділігі аз құралдарын пайдаланады. Оларда мазасыздық, депрессия, нашақорлық және суицид ойлар екі есе жиі кездеседі.

2. Сізге өз-өзіңізді таныту қиынға соғады.

EQ жоғары адамдар әдептілікті, жанашырлық пен мейірімділікті өздерін таныту және шекараларды белгілеу қабілеттерімен үйлестіре алады. Мұндай дипломатиялық үйлесімдік жанжал тууы мүмкін жағдайларды шешу үшін өте қолайлы. Көптеген адамдар көбінесе енжар немесе агрессиялық мінез-құлық көресетеді. Эмоционалды интеллекті бар адамдар өздерін бағынуға болмайтын эмоционалды реакциялардан сақтай отырып, тепе-теңдікті сақтап, сенімді болып қалады. Бұл оларға мінезі қиын және “улы” адамдарды өздерінің жауы қылмай, алыс ұстауға мүмкіндік береді.

3. Сіздің эмоциялық сөздік қорыңыз шектеулі.

Барлық адамдар эмоцияларды бастан кешіреді, бірақ аз ғана адам нені бастан кешіретінін дәл анықтай алады. Біздің зерттеулеріміз көрсеткендей, өзінің қандай сезімді бастан кешіріп отырғанын адамдардың 36% ғана дұрыс сипаттай алады. Негізінде бұл өте үлкен мәселе, өйткені анықталмаған, аты аталмаған эмоциялар жиі дұрыс түсінілмейді, бұл ақылмен  таңдалмаған және қате әрекеттерге әкеледі. EQ жоғары адамдар өз эмоцияларын өздері басқарады, өйткені оларды жете түсінеді және сезімдерін сипаттау үшін кең сөздік қорын пайдаланады. Көптеген адамдар өздерінің жағдайын қарапайым сөзбен «жаман» деп сипаттайды, ал эмоционалды дамыған тұлғалар өздерінің «ашуланғанын», «ренжігенін», «көңілі қалғанын» немесе «уайымдағанын» дәл анықтай алады. Сөздеріңізді неғұрлым дәл таңдасаңыз, соғұрлым сіз өзіңіздің не сезініп жатқаныңызды, бұл сезімге не себеп болғанын және осыған байланысты қандай әрекет істеу керектігін жақсы түсінесіз.

4. Тез қорытынды жасап, шешім қабылдайсыз да, оны бар күшіңізбен  қорғайсыз.

EQ жетіспейтін адамдар тез пікір қалыптастырады, содан кейін алдын ала қалыптасқан пікірге мойынсынады: олар өз пікірін растайтын дәлелдерді жинап, кез келген кері дәлелді елемейді. Олар өздірінің пікірі рас екенін дәлелдеу үшін дауытары қарлыққанша дауласуға дайын. Мұндай жағдай әсіресе көшбасшылар үшін қауіпті, өйткені олардың ойлары бүкіл топтың стратегиясына айналады. Эмоционалды ақылды адамдар өздерінің идеяларын кідіртіп ұстауға тырысады, өйткені олар бастапқы әсерлердің ақылдан емес, эмоциялардан туындайтынын біледі. Олар болуы мүмкін салдары мен қарсы дәлелдерді әзірлеп, қарастыруға уақыт бөледі. Содан кейін олар аудиторияның қажеттіліктері мен пікірлерін ескере отырып, өздерінің талғампаз идеясын барынша тиімді түрде жұрт алдында ашады.

5. Сіз кек сақтайсыз.

Ренішпен бірге жүретін жағымсыз эмоциялар, шын мәнінде, күйзеліске бағытталған —кері әсер. Тіпті болған оқиға туралы ойлаудың өзі денеңізді «төбелес немесе қаш» күйіне келтіреді, бұл  қауіп төнген кезде нық тұрып, күресуге немесе айдалаға қашып кетуге мәжбүр ететін тірі қалу механизмінің ісі. Қауіптен құтыла алмайтын жағдайда, бұл жауап аман қалуыңыз үшін өте маңызды, бірақ қауіп баяғыдан келе жатқан ескі әңгіме болса, бұл күйзеліс сіздің ағзаңызға зиян тигізіп, уақыт өте келе денсаулыққа қатты әсер етуі мүмкін. Эмори университетінің зерттеушілері күйзеліс пен жоғары қан қысымы және жүрек ауруымен байланысты екенін дәлелдеді. Кек сақтасаңыз, күйзеліске түсесіз, сондықтан эмоциясы дамыған адамдар мұндай жағдайды мүмкіндігінше болдырмауға тырысады. Реніштен арылу сізді тап қазір өзіңізді жақсы сезініп қана қойдырмайды, сонымен қатар болашақта денсаулықты жақсартуға ықпал етеді.

6. Сіз қателіктер туралы тым көп уайымдайсыз.

Эмоционалды интеллектуал адамдар өз қателіктерінен өздерінен алшақ ұстай алады, бірақ олар туралы ұмытпайды. Қателіктерін қауіпсіз қашықтықта ұстап, бірақ оларды анда-санда еске түсіре отырып, мұндай адамдар болашақта болатын табысқа өздерін бейімдей алады. Мұны жүзеге асыру нақты және саналы көзқарасты талап етеді. Қателікті тым ұзақ уақыт уайымдау алаңдаушылық пен сенімсіздікті арттырады, бірақ егер оларды толығымен ұмытсаңыз, сіз олар қайталауыңыз мүмкін. Сәтсіздіктерді өзіңізді жақсарту құралына айналдыра білуіңіз керек. Яғни, бұл құлаған сайын әрдайым қайта тұруға үйретеді.

7. Сіз өзіңізді жиі дұрыс түсінбегендей сезінесіз

Егер сізде эмоционалды интеллект жетіспесе, басқалармен қалай қарым-қатынас жасау керектігін анықтау қиын болуы мүмкін. Сіз өзіңізді дұрыс түсінбегендей сезінесіз, өйткені беретін мәліметтерді адамдарға түсінікті етіп жеткізе алмайсыз. Эмоциясы дамыған адамдар әрқашан өз идеяларын тамаша түсіндіре бермейтінін біледі. Олар тыңдаушылардың айтылған деректерді ұғынбаған сәтін жақсы сезіп, түсіндіру тәсілін өзгертіп, өз ойын бәріне бірдей анық түсінікті болатындай етіп қайталайды.

8. Сіз өз триггерлеріңізді білмейсіз

Әр адамның өз триггерлері — бізді бір нәрсеге итермелеп, импульсивті әрекет етуге мәжбүр ететін жағдайлар мен адамдар бар. Эмоциясы дамыған адамдар өздерінің триггерлерін зерттейді және осы жағдайлар мен адамдардан аулақ болу үшін осы білімді пайдаланады.

9. Сіз ашуланбайсыз

Эмоционалды интеллект адамның әрқашан жақсы және мейірімді екенін білдірмейді. Ол сізге жақсы нәтижелерге жету үшін эмоцияларыңызды басқаруға мүмкіндік береді. Бұл кейде сіздің ренжігеніңізді, қайғырғаныңызды немесе көңіліңіз қалғанын көрсету керектігін білдіреді. Өз эмоцияларыңызды бақыт пен позитив бетпердесінің астына үнемі жасыру жақсы нәтижеге әкелмейді. Эмоционалды дамыған адамдар жағымсыз және жағымды эмоцияларды тиісті жағдайларда саналы түрде пайдаланады.

10. Сіз басқа адамдарды, ал олар сізді белгілі бір нәрсені немесе жағдайды сездірткені үшін кінәлайсыз.

Эмоциялар іштен шығады. Өз сезімдеріңізді басқа адамдардың әрекеттерімен байланыстыру әрине қызықты, бірақ сіз эмоцияларыңыз үшін жауапкершілікті өзіңізге алуыңыз керек. Ешкім сіз өзіңіз қаламаған нәрсені сізге сезіндіре алмайды. Керісінше ойлау сізді кері тартады.

11. Сіз тез ренжисіз

Егер сіз өзіңіздің қандай адам екеніңізді жақсы түсінсеңіз, біреудің сөзі мен әрекеті сізді ренжіте алмайды. Эмоционалды дамыған адамдар – өздеріне сенімді, кең ойлы және жеткілікті деңгейде көнбіс  тұлғалар. Сіз тіпті өз-өзіңізге күліп, мазақ ете аласыз немесе басқалардың сіз туралы әзілдесуіне жол бересіз, өйткені сіз әзіл мен қорлау арасындағы шекараны қалай сақтау керектігін өте жақсы білесіз.

Қорытынды

Сіздің IQ-ыңызға қарағанда,  EQ-іңіз өте икемді. Жаңа эмоционалды-интеллектуалды мінез-құлық үлгілерін қайталай отырып, сіз оларды әдетке айналдыра аласыз. Сіздің миыңыз осы жаңа үлгілерді пайдалануды күшейтеді және ескі, деструктивті мінез-құлық жойылады. Көп ұзамай сіз эмоционалды интеллект дағдыларын олар туралы ойланбастан-ақ пайдалана бастайсыз.

Дереккөз https://www.entrepreneur.com/slideshow/299452

1343
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *