Қазіргі технологиялардан бас тартуға 5 себеп

Компьютер, смартфон және басқа да ақылды құрылғылар өте пайдалы, бірақ зияны да жоқ емес екенін білеміз. Дегенмен олардан бас тарта алмаймыз. Сонда да зиянын санамалап шығайық.

1. Гаджет көп уақытыңызды алады

Біз көп уақытымызды компьютердің алдында өткіземіз. Ал ол жоқ болған кезде, бірден  смартфонға жармасамыз. Кейбіреулері тіпті видеоойындар ойнайды. Біз жаңалық қарап, мысығы бар видеоларға, суреттерге лайк қойып,  мәнсіз  пікірталастарға басымызды қатырыпы жатамыз.

Ал егер сіз біраз уақытқа гаджеттен бас тартсаңыз, қанша бос уақытыңыз пайда болғанына таң қаласыз. Ал ол уақытты пайдалы және танымды нәрселерге жұмсауға болады.  Мысалы, спортпен айналысыңыз, жақындарыңызбен уақыт өткізіңіз, достарыңызбен кездесіңіз, жөндеу жұмысын жасаңыз, кітап оқыңыз, тіпті жай ғана ұйқыңызды қандырыңыз.

2. Экран көзіңізге зиян

Гаджетті дұрыс қолданбасаңыз денсаулығыңызға зиян келетінін дәлелдеудің де қажеті жоқ. Гаджет экранына ұзақ уақты бойы қарау көзіңізге еш пайда әкелмейді.Массачусет ауруханасының офтальмологы оның екі себебін атайды: біріншіден, интерфейстің кішкентай элементтерін қараймыз деп көзімізге қатты күш саламыз. Екіншіден, компьютер алдында отырғанда біз көзімізді жыпылықтатуды ұмытып кетеміз. Көзді жыпылықтату 15-тен 5-ке дейін азаяды, содан көзіміз құрғайды. Сондықтан монитор алдында көп уақыт отырмау керек.  

3. Омыртқаңыз қисаюы мүмкін

Көзден бөлек, мүсініңізге, арқаңызға, омырқаңызға да зиян келеді. Адам ұзақ уақыт қозғалмай отырмауы керек. сондықтан компьютер алдында дұрыс отырыңыз. Немесе тіпті де қолданбаңыз.

Ал смартфон мойныңызға зиян: оны қолданғанда біз ылғи мойнымызды төмен саламыз. Америкалық дәрігер сынықшы Дин Фишман оған арнайы атау берді — «текст мойны синдромы» — бұл смартфонда отырып хат жазысуды жақсы көретіндерде пайда болатын аурудың атауы.  

4. Гаджет ұйқы сапасына әсер етеді

Көп адам түннің бір уағына дейін компьютермен жұмыс істейді. Төсекке жатқанда да қолынан  смартфонын тастамайтындар да бар. Төсекте жатып смартфоннан әлеуметтік желілердегі кешкі жаңалықты оқитындар, Instagramда суреттерге лайк басатындар да жеткілікті.  Соның әсерінен тез ұйықтай алмайды, тіпті уақыттың өтіп кеткенін де байқамаулары мүмкін.

Компьютер, смартфон, оған қоса жарық экраны бар барлық құрылғылар ұйқының сапасына әсер етеді. Бұл көптеген зерттеулермен дәлелденген.  

Цифрлық құрылғыларды өндірушілер осының алдын алу үшін «Түнгі режим» функциясын қосқан, ол автоматты түрде экранның түс температурасын өзгертеді.  Бірақ бұл жартылай шешім. Ұйқының сапасын жақсартудың тек бір ғана жолы бар, ол теледидар, компьютер, планшет және смартфоннан бас тарту, тым болмаса ұйықтар алдында 1-2 сағат бұрын қолданбау.

5. Әлеуметтік желілер қызғаныш пен  депрессия тудырады

Әлеуметтік желілерде өзіңді керемет сезінесің. Ондағы адамдардың бәрі бақытты және әдемі. Инстаграмда немесе Facebook-те жазылғандардың фотосуреттеріне қараңыз: мінсіз фигурасын көрсетіп тұрған сылқымдар мен серілер, дельфинді ұстап тұрған, Эверестті бағындырған саяхатшылар, бай жастар өздерінің Lamborghini көлігінің қасында суретке түсіп мәз-мейрам. Осының бәрін көргенде сіз, еріксіз, өз өміріңізде дұрыс емес нәрсе жасап жүргендей күйде қаласыз.

Хьюстон университетінің психологтары зерттеу жүргізіп, депрессия мен Facebook-ті қолдану арасындағы байланысты анықтады. Олар әлеуметтік желілерде көп уақыт өткізетін және өздерін достарымен салыстыратын адамдардың депрессияға түсіп, бақытсыз болатынын анықтады.

Гетеборг университетінің ғалымдары жүргізген тағы бір зерттеу смартфонды көп пайдалану депрессияға түсу қаупін арттыратынын растайды. Олардың Гарвардтағы әріптестері де осы пікірді қолдайды.

Сондықтан басқа адамдардың суреттерін қарай беруді тоқтатыңыз: өз өміріңізді сүріңіз және басқаларды ұмытыңыз.

Жалғасы бар.

144
Share

от bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *