Қызық сөздер: Петрикор

Қызық сөздер көп қой, бірақ шын мәнінде қызық сөздер, яғни бір тілде бар сөз, сипаттама екінші тілде болмауы мүмкін. Мысалы, бәріміз жаңбыр деген сөзді білеміз.

Жаңбыр – бұлттан бөлініп жерге түсетін атмосфералық сұйық тамшылардың жиынтық атауы.

Тамшылардың диаметрі 0,57 мм болады. Тропосфераның жоғарғы қабатында қалыптасқан қар, мұз түйіршіктері оның жер бетіне жақын қабатынан өткенде еріп жаңбыр тамшыларына айналады.

Кейде жаңбыр бұлт арасындағы тым ұсақ тамшылардың бір-бірімен қосылуынан пайда болады.

Жаңбырдың бірнеше түрі бар. 

Ақ жаңбыр – қатпарлы бұлттардан жауады, бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін созылады. 

Нөсер жаңбыр – будақ бұлттардан қатты жауып тез аяқталады; олар, көбінесе, төменгі ендіктерге тән.

Сіркіреме жаңбыр – диаметрі 0,5 мм-ден аспаған тамшыларды осылай атайды, ол қатпарлы бұлттан шығып, өте баяу жауады.

Бір қызығы, жаңбыр бұлттары қандай биіктікте болса да, тамшылардың жер бетіне түсетін жылдамдығы орташа алғанда 8-10 км/сағаттан аспайды.

Енді негізгі сұрағымызды қояйық:

Ал осы жаңбырдан кейін жердің иісін сезіп көрдіңіз бе? Сол иіс әлі есіңізде ме? Осы иісті бір сөзбен қалай атайтынын білесіз бе?

Петрикор – жаңбырдан кейінгі жердің иісі.

Petrichor – a pleasant smell that frequently accompanies the first rain after a long period of warm, dry weather.

Бұл сөз «petra» деген грек сөзінен негізін алады және ол «тас» дегенді білдіреді. Ал екінші бөлігіндегі «ichor» сөзінің аудармасы «сұйықтық», яғни грек мифологиясындағы құдайлардың тамырында ағып жатқан сұйықтық.

Бұл терминді 1964 жылы зерттеушілер Изабелла Джой Беар және Родериком Г. Томас ұсынған, алғаш рет  Nature журналындағы мақалада қолданылған сөз. 

927
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *