Салатқа қажет заттар:

– 1 кішкентай жас қырыққабат
– 2 қызанақ
– 2 қияр
– жарты лимон
– 2 ас қасық зәйтүн майы
– жарты ас қасық тұз
– 2 ас қасық «кебек» бұрыш
– ақжелкен мен аскөк

Жасалу жолы:

Қырыққабатты ірі төртбұрыш формасында тураңыз. Қияр мен қызанақты да ірілеп тураңыз. Аскөкті да турап қосыңыз. Ақжелкеннің жапырағын қолмен үзіп қосуыңызға болады.

Енді, ең маңыздысы – соусы: зәйтүн майына тұз, бұрыш, жарты лимон суын қосып жақсылап араластырыңыз. Осы қоспаны салатқа қосып, араластырыңыз. Соустың салатқа жақсы сіңуі үшін, дайын салатты 5-10 минутқа тоңазатқышқа қойғаныңыз абзал.

Ас болсын!

Дайындаған https://aspazdik.wordpress.com/

354
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *