Әлеуметтік желілерге тәуелдіктен құтылу

Әлеуметтік желілерге тәуелдіктен құтылу – өте маңызды. Өйткені жыл өткен сайын техника мен технология және түрлі қосымшалар уақытымызды алып, басты, маңызды нәрселерден алшақтатып жатқаны сөзсіз.

Егер уақытыңызды әлеуметтік желілерде отыруға тым көп жұмсайтыныңызды сезсеңіз, онда келесі ережелерді ұстанып ғаламтордан біраз демалыңыз:

Күнді ғаламтордан емес, бір стақан суды ішуден бастаңыз.

Әлеуметтік желілерде отыру уақытын белгілеңіз.

Бір күн бойы ең көп уақытыңызды алатын сайтқа кірмеңіз.

Баяғыдан оқығыңыз келген кітаптың елу бетін бірден оқыңыз.

Хабарлама дыбысын естігеннен кейін бір минут бойы смартфоныңызды қолыңызға алмаңыз.

Ұйқыға жатар алдында бір сағат бойы смартфонсыз өткізіңіз.

Оқымайтын жаңалықтар таратылымынан бас тартыңыз.

Күніне кем дегенде он мың қадам жаяу жүріңіз.

Өз смартфоныңызда тәртіп орнатыңыз  — қажетсіз қосымшаларды, суреттер мен бейнероликтерді, хабарландыруларды өшіріңіз.

Қоғамдық көлікте келе жатқанда смартфонға емес, терезеге қараңыз.

Қандай да бір қосымшаны түбегейлі өшіріп тастаңыз.

Өзіңізге “Әлеуметтік желілер маған қаншалықты маңызды?”- деген сұраққа жауап беріңіз.

Әлеуметтік желіліерде отыра бермей өмірден ләззат алуға тырысыңыз!

441
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *