TikTok, Facebook, Instagram, YouTube және Twitter: әлеуметтік желілерде қандай аккаунт түрлері танымал?

Әлеуметтік желілерде қандай аккаунт түрлері танымал екенін білгіңіз келе ме?

Creator Economy немесе шығармашыл адамдардың экономикасы әлеуметтік желілерде, көптеген медиа компанияларға қарағанда, миллиондаған аудиторияға қол жеткізіп жатқан мыңдаған кәсіпкерлерді тудырды.

Жарнама үшін қай платформаны таңдау керек? Біз бес әлеуметтік желінің әрқайсысында — TikTok, Facebook, Instagram, YouTube және Twitter-де қандай аккаунттар мен контент басым екендігі туралы қызықты статистиканы ұсынамыз.

Қазір әлеуметтік желілер бір-бірінен функциялары бойынша емес, құндылықтары мен қауымдастықтары бойынша ерекшеленеді. Адамның іс-әрекеті оны бір платформада танымал етсе, екіншісінде ол мүлдем қызығушылық тудырмайды.

Мысалы, британдық ситкомның ойдан шығарылған кейіпкері Мистер Бинге арналған 129 миллион жазылушысы бар парақша Facebook желісінде танымалдығы бойынша төртінші орында тұр. Алайда Twitter-де оған 215 мың адам ғана қызығушылық танытып отыр.

Міне, тағы бірнеше мысал:

• Белла Порчтың TikTok-та 85 миллион, ал Twitter-де 1 миллионнан аз жазылушысы бар.

• Ким Кардашянның Instagram-да 263 миллион жазылушысы бар, ал YouTube арнасында бар болғаны 1,88 миллион.

Axios баспасы әр платформада ең көп жазылушылары бар 50 аккаунтты талдады. Нәтижесінде, TikTok-та танымал тұлғалар басқа әлеуметтік желілерде атақты бола алмайтындығымен ерекшеленеді екен.

Ең танымал бес TikTok аккаунты — Чарли Дамелио, Хаби Ламе, Аддисон Рэй, Белла Порч және Зак Кинг басқа әлеуметтік медиа платформаларының алғашқы 50 көшбасшыларының тізіміне кірмейтін болып шықты. Олардың барлығын бірге санағанда TikTok-та 480 миллион жазылушысы бар, ал Twitter, Instagram, YouTube және Facebook желілеріндегі жазылушыларының жалпы саны осы соманың жартысына да жетпейді.

Әрбір әлеуметтік желіде қандай тұлғалар мен контент танымал екенін білу үшін оның ең үздік 50 аккаунтына назар аударған жөн.

• TikTok үлкен ресурстары бар ұйымдарға қарағанда өздерінің қатысуын өздігінен құрайтын жеке контент жасаушыларды жақсы көреді. Онда әсіресе би және липсинк ( белгілі бір әуенге ерін үндестігін салып  ән айтатын) бейнелер танымал — бұл 2017 жылы әлеуметтік желі осындай бейнелер үшін арнайы әзірленген Musical.ly қызметімен біріккенімен байланысты.

• Ең танымал YouTube аккаунттары -көбінесе халықаралық ірі музыкалық және ойын-сауық компаниялары. Алты аккаунт Үндістаннан, төртеуі АҚШ-тан, үшеуі Оңтүстік Кореядан және екеуі Ресейден — ең көп жазылушылары бар.

• Facebook дизайны пайдаланушыларды парақша иесі контентті өндіретініне немесе өндірмейтініне қарамастан, кез келген парақшаларды «ұнатуға» (лайк белгісін басуға) шақырады. Бұл брендтерді жылжытуға көмектеседі. Платформадағы ең үлкен 21 аккаунттың 4-і Қытайдағы жаңалық ұсынатын ұйымдар. Атап айтар жай, Қытайдан келген аккаунттар басқа платформалардың ешбірінің алғашқы 50-іне кірмейді.

• Instagram-да атақты болу оңай – әлеуметтік желі өз өмір салтыңызды көрсетуге және трендтерді орнатуға мүмкіндік береді. Инстаграмдағы жазылушылар саны кез келген басқа сервистерге қарағанда жоғары.

• Twitter де атақты адамдарды көтермелейді, бірақ Instagram-ға қарағанда азырақ ауқымда. Идеяларымен танымал адамдар үлкен аудиторияға қол жеткізе алады: бұл 50 үздік аккаунттың ішінде саясаткерлер мен бизнес көшбасшылары бар жалғыз алаң.

Кейбір ұқсастықтарға қарамастан, әр платформадағы ең танымал тұлғалар тым әртүрлі. Спорт жұлдыздары мен актерлер Facebook пен Instagram желілерін, ал музыканттар YouTube және TikTok желілерін қамтиды.

Бірнеше әлеуметтік желідегі алғашқы ондыққа кіретін аккаунттар: Криштиану Роналду (Facebook, Instagram, Twitter), Ариана Гранде (Instagram, Twitter) және Уилл Смит (Facebook, TikTok). Қызықты дерек: барлық бес платформадағы ең үздік 50 аккаунттың жартысынан көбі (123) Америка Құрама Штаттарынан келеді. Олардан кейін Үндістан (29), Ұлыбритания (12), Оңтүстік Корея (9), Канада және Испания (8-ден).

Дайындаған Бақытжан Салихов

601
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *