Әр күнді барынша тиімді өткізудің 4 қарапайым әдісі

Бізге ұнасын ұнамасын, уақыт зымырап өтіп жатыр, аптаның соңынан апта қалай өтіп кеткенін тіпті байқамаймыз да. Өткен айға қарап: “Тоқта … Мен не істеп үлгердім? Ештеңе?”- деп ойланғанды ​​кім ұнатады?  Күніңізді қалай өткізгеніңіз туралы ойламаудың бір жолы – тапсырмаларды орындауға азырақ көңіл бөліп, әр күніңізді өзіңіз үшін, сонымен қоса әлем үшін де мағыналы ету. Ол үшін күн сайын мына төрт нәрсені жасаңыз:

1. Сізді қорқытатын бір нәрсе жасаңыз.

Бұл кеңес қазір жиі кездесетін, көп берілетін кеңеске айналып кетті, бірақ соған қарамастан  бұл дұрыс кеңес емес деп айтуға болмайды. Өзіңізге жаңа нәрселерді жасауға кедергі болатын қорқыныштарды табыңыз. Автобуста таныс емес сүкімді бойжеткенмен/бозбаламен сөйлесіңіз. Жұмыста келісім-шарт жасаңыз. Ойыңызды көпшілік алдында айтып беріңіз. Өте күрделі тағамды дайындап көріңіз. Тұрақты түрде өзіңізгі қорқынышты нәрселерді жасау сіздің шектеулеріңізді жойып, шекараңызды кеңейтеді және де өзіңізге әлдеқайда жайлы жағдай жасауға септігін тигізеді.

2. Өзіңізді сабаңызға түсіретін бір нәрсе жасаңыз.

Қоршаған әлем сізге қамқорлық жасауға міндетті емес – сіз мұны өзіңіз жасай аласыз. Өзіңізге күтім жасауды үйреніңіз. Егер сіз ашулансаңыз, ызаңызды кетірудің амалын табыңыз. Егер көңіліңіз қалса, өзіңізге жағымды нәрсе жасаңыз. Тек қана өзіңізге арнайтын уақыт табыңыз.

3. Басқа біреу үшін бір нәрсе жасаңыз.

Басқа адамға жақсылық жасауға уақыт бөлу сізге не үшін алғыс айту керектігін және басқа адамдармен қарым-қатынасты нығайту керектігін еске салады. Егер сіз жақсылығыңызға жауап күтпесеңіз, онда кейін өкініш те тумайды.

4. Болашақ үшін бір нәрсе жасаңыз.

Болашақты әртүрлі ұғынуға болады: келесі апта, келесі ай, сексен жасқа толғанда … Болашақ мақсаттарыңызға жақындау үшін  сіз өзіңіздің жинақ шотыңызға ақша аударуыңызға, достарыңызбен, балаларыңызбен уақыт өткізуге, йогамен айналысуға т.б. болады.

Дайындаған Бақытжан Салихов

173
Share

от bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *